Илья Ильин денсаулығында кінараты барын мойындады.
„Дәрігерге бардым, қаралдым, кеңінен отырып сөйлестік.
Үш кінәратым бар екен. Үшеуі де қиын. Омыртқамда ғой.
Ол туралы кейін кеңінен жазармын. Оны ойша екшелеп алу керек боп тұр.
«Ескерткем оған…». Илья Ильиннің анасы баласына өкпелі екенін айтты
Ал дәрігер не айтады дейсіздер ғой. Жақсылап жұмыс істеу керек дейді…
Жәй адамға болмайды екен, бірақ маған болады. Өйткені менде мақсат бар ғой, мақсатқа жету үшін барымды салам деп отырмын.
Екі ай физотерапиядан өт дейді. Бұлшықеттеріңді жаттықтыр дейді. Бірақ зілтемірсіз. Содан соң барып қана ауыр атлетикамен айналысуыма рұқсат. Мен дәрігермен келісем, үлкен рақмет оған, жақсы адам өзі.
Онда да мен спортшы болған соң жасап жатырмыз, өйткені алға жылжуым керек қой. Ал былайынан, жағдай қиын негізі. Ештеңе етпейді. Бәрі жақсы. Командам да күшті. Олар маған көмектесіп, сүйрелейтін болады.
Елім, халқым аман болсын, Сіздер қолдап тұрғанда ол алтынды аламыз! Мен үшін алаңдаған адамдардың барлығына ризашылығым шексіз, қолдауларыңызды біліп, сезіп отырмын, бұл мен үшін өте маңызды! Міне, осылай ақырындап, мысық табандап Токиодағы Олимпиадаға да жақындап келеміз„ деп жазды ол.
«Дауысы дірілдеп кетті…». Димаш Лондон сахнасында жылап қалды (видео)