Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-3
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Ескерткем оған…”. Илья Ильиннің анасы баласына өкпелі екенін айтты

356

Ильяның анасы баласы мен келінінің не үшін ажырасқанын былайша топшылайды.

“Меніңше, барлық гәп – доппинг дауында. Бұл жығылғанға жұдырық болды. Адам қиналып жүргенде әрбір сөзді ауыр қабылдайды емес пе?.. Соңына дейін қарым-қатынастары жақсарар деп үміттендім. Жақын адамдар, достар мен көршілер екеуінің екі жаққа кеткендерін іштерінен біліп жүрді”, – дейді спортшының анасы.

Дегенмен ана жүрегі мұның барлығы уақытша сынақ дегенге сенеді.

https://kaz.365info.kz/ilya-ilin-12-zhyl-bojy-birge-bolgan-ajelimen-azhyraskhanyn-malimdedi-287601

Оның сөзінше, ерлі-зайыпты арасында соңғы ұрыс 2017 жылдың қарсаңында болған. Сол кезде Ильиннің жұбайы қызы Милананы алып, Жаңа жылды қарсы алуға Павлодарға кетіп қалған. Қаңтардың бірі күні спортшы ажырасуға арыз берген. Қазір ол Астанада ата-анасымен бірге тұрады, ал бұрынғы әйелі бөлек, төрт бөлмелі жаңа тұрғын үйде тұрып жатыр. Бұл үйде тұруды спортшылар көптен бері армандаған.

“Үйіміз жақын, сондықтан бұрынғы келінім мен немеремді үнемі көріп тұрамын. Наташамен арамыз өте жақсы, бұрын да сондай болған. Ол жаттығуға немесе сайыстарға кеткенде Милана үнемі бізбен бірге қалады. Илья да қызын қатты жақсы көреді, көп уақытын бірге өткізеді, Милананы “Мирас” мектебіне сабағына апарады. Балаларым ресми түрде ажырасса да, үнемі біргеміз, бәрі жақсы болып кететініне сенгім келеді”, – деді Галина Ильина.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз