Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Ажырастым дейді…”. Илья Ильин арақ ішіп кетіпті

168

Men’s Health журналына сұхбат берген Ильин бәрін айтыпты.

«Бір жылдай болды, әйеліммен бөлек кетістік. Енді міне, қағаз жүзінде ажырасып жатырмын. 12 жыл бірге болдық, қызым өсіп келеді. Өте ауыр сынақтар басыма бірінен кейін бірі шүйлігіп, шыдай алмадым. Морт кетіппін. Депрессияға ұшырап кеттім. Бұрын әйелім екеуміз көп қиындықты бірге жеңетінбіз. Ол да енді мүмкін емес. Маған да ауыр, әйеліме де ауыр болды. Қатты ұрсысып қалдық.

Ажырасам деп сотқа бердім. Бәрібір ажырасуым керек. Қатты өкпеледім. Әлі өкпелімін. Қазір сөйлеспейміз, тіпті әлеуметтік желіде де бір-бірімізді көргіміз келмейді.

Қызымыздан басқа ештеңе қалмады арамызда. Тым бөлек адамдар екенбіз.
https://kaz.365info.kz/zhybanysh-zheksenyly-ajelimen-azhyrasty-zhas-khyz-tauyp-alypty-318918

Ол мені қызғанды ғой, қатты. Не істеймін? Жаттығу жасаудан да жалығып, ішіп кеткен кездерім де болды.

Әйеліме менің атақты адам болғаным ұнамаған шығар. Мысалы, киноға бірге барсақ, жұрт менімен суретке түскенше ол мені 15 минут күтіп қалатын. Негізі әйелді еркек күтуші еді ғой. Мен жұртқа қалай отказ беремін, селфи жасайық деп тұрса. Жаман ыңғайыссыз болатын, әйелім мен қызымның алдында.

Жаз қиын болды. Заңгерлермен Швейцарияға бардым. Басым сол кезде қатты ауырды. Қазір де күйзелісте жүрмін. Денсаулығым тым нашарлап кетіп еді – психиатриялық диагноз қоя жаздаған маған. Екі сөздің басын қосып сөйлей алмай қалдым ғой тіпті.

Қазір енді шүкір, түзеліп келемін. Әлі бұрынғы қалпыма келермін», —

депті Илья Ильин.

https://kaz.365info.kz/ilin-ta-y-ne-b-ldirip-ojdy-244587

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз