Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
17
USD
475
+0.11
EUR
516
+0.21
RUB
5.5
-0.08

“Жағдай былай…”. Ақжарқын Тұрлыбайдың әке-шешесіне жазған хаты жарияланды

9176

Қытай тілінен қысқартылып аударылған хатты Ақжарқынның адвокаты Сұңқар Нұрмағамбетов журналистерге берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

“Қымбатты, әкешім, анашым!

Сәлеметсіздер ме.

Төрт жылдан бері сіздерге алғаш рет хат жазып отырмын. Сіздерді қатты сағындым!

Аяулы нашым, мен үшін алаңдамаңыз, денсаулығыңызды күтуіңіз керек, өйткені біз бір отбасымыз!

Менің денсаулығым жақсы, күнделікті спортпен айналысамын. Көп нәрсе үйрендім. Кішкентай қыз өсті. Мұнда мүлдем басқа адамдар, басқа мәдениет, басқа білім деңгейі. Мен көп нәрсені түсіндім.

Сіздердің фотосуреттеріңізді алып, қарап шықтым, үйде бәрі өзгеріпті, сіңлім өзгеріпті, әдемі болып кетіпті, ал інім үлкен азамат болыпты. Төзімділік танытып, күте тұрыңыздар!

Қазір өте күштімін, соңына дейін аяғымда тік тұра аламын, үміт үзбеңіздерші.

Сіздер маған әрдайым қолдау жасап, үмітімді үзбеуге көмектесетіндеріңізді білемін. Атам мен әжемнің көптеген әңгіме айтып берген кездері әлі есімде. Әр туған күнімде торт, бәліш жейтінбіз, мерекелерге сыйлық алған кезім, бәрі-бәрі есімде. Сіздерге рахмет!”, — деп жазылған хатта.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз