Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
6
USD
421
0.00
EUR
499
0.00
RUB
5.6
0.00

Жақып Асанов өзіне тиесілі жәрдемақы барын білмейтін жандар бар екенін айтты

Бұл арада нақты мысалдар да келтірілді.

– Тұрғылықты жері бойынша 502 мүгедекке бардық, олардың 136-сы көмек алды. Мысалы, 44 мүгедекке протез бен арба-кресломен көмектестік. Аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан 6,5 мыңға жуық азаматқа әлеуметтік атаулы көмектің тәртібін түсіндірдік. Ембі қаласының тұрғынына дәл үйінде мүгедектік рәсімдеген жағдай болды.

Көп жағдайда халық оларға мемлекеттен жәрдемақы мен төлемдер тиесілі екендігін білмейді. Көп балалы анаға 4 баласына және аз қамтылған отбасы ретінде 11 000 теңге мөлшеріндегі ай сайынғы жәрдемақы рәсімдедік. Ол бұл құқықтарын ешқашан білмеген және бұндай төлемдер аламын деп ойламаған да,

– деді Жақып Асанов

Бұдан тыс ҚР Бас прокурорының басшылығымен 5 ауданда бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілген. Онда жұмыс іздеп келген 701 адамның, 123-і жұмыспен қамтылған. Еңбекақы төлемеген 153 кәсіпорын басшыларымен мамандар кездесіп, мәселені талқылаған. Соның нәтижесінде жалпы сомасы 9 млн теңге берешек жалақы 232 жұмысшыға берілген.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз