Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
20
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Жаңбыр, қар, аяз…Желтоқсандағы ауа райы қандай болады?

Астанада болжамды орташа айлық температурасы 7-13 градус төмендікті көрсетеді. Айдың бірінші жартысында күнделікті жауын-шашын болуы мүмкін. Ең жоғарғы температура күндіз 3 градус, түнде 0 градустан төмен. Желтоқсан айының екінші жартысында құрғақ және ашық ауа райы болады. Тұтастай алғанда, осы айдың соңында кей жерлерде жауын-жашын болып, күндіз 10 градус, түнде 15 градус төмен болады деп күтілуде.

Алматыда күтілетін орташа айлық температурасы 7-9 градус жылылықты құрайды. Айдың ең жылы күндері желтоқсанның 20-сы мен 26-сы күндері. Күндіз 16 градус жылы, ал түнде 6 градус төмендікті көрсетеді. Айдың басында, қалада жауын-шашын болады. Айдың екінші онкүндігінде ауа райы жылы және құрғақ болады. Ауа райының бұл түрі айдың соңғы күніне дейін сақталады. Айдың соңында жауын-шауын болып, ауа температурасы нөлден жоғары болады.

Ақмола облысында күтілетін орташа айлық температурасы 8-14 градус тқмендікті құрайды. Бүкіл бір ай бойы көшпелі бұлт шығып, қар жауады. Айдың бірінші онкүндігінде ауа температурасы 8-16 градус төмендікті көрсетеді. Айдың екінші онкүндігінінің басында күн суытып, күндіз 21 градусқа, түнде 25 градусқа дейін төмендейді. Үшінші онкүндіктің басында қайтадан күн жылынып, ауа температурасы 9 градусқа дейін көтеріледі. Ай суық ауа райымен аяқталып, кейбір жерлерде қар жауады.

Ақтөбе облысында айдың орташа температурасы 8-10 градус суықтықты құрайды. Айдың басында кейбір жерлерде қатты қар жауып, ауа температурасы күндіз 1-11 градусқа дейін төмендеп, түнде 16 градусқа дейін суық болады. Айдың ең суық күні желтоқсанның 15-і. Бұл күні күндіз 11 градус, түнде 22 градусқа дейін төмендеп, аяз болады. Айдың соңында күн жылына бастайды. Күндіз 5 градус, түнде кейбір жерлерде 10 градусқа дейін төмендейді. Арасында жауын-шашын болып, жолдарда көктайғақ орын алады. Айдың соңғы күндері қар жауады.

Алматы облысында айдың орташа температурасы 5-7 градус жылылықты көрсетеді. Айдың бірінші онкүндігінде ауа райы суық болып, кейбір жерлерде жауын-шашын болады. Айдың ең жоғарғы температурасы желтоқсанның 29-ы күні 9 градус жылылықты көрсетеді. Ал ең суық күн желтоқсанның 1-і болады деп күтілуде. Ауа температурасы күндіз 4 градус, түнде 14 градусқа дейін төмендеп, аяз болады. Айдың ортасында аймақта қайтадан жауын-шашын болады. Желтоқсанның соңғы күндері кейбір жерлерде жауын-шашын күтіліп, күндіз 4 градус, түнде 5градусқа дейін жылылықты көрсетеді.

Атырау облысында айдың орташа температурасы 3-5 градус суықтықты көрсетеді.Айдың бірінші онкүндігінде айнымалы жауын-шашын болып, күндіз 2 градусқа дейін жылы болады. Айдың екінші онкүндігінде күн суытып, кейбір жерлерде жауын-шашын болады. Жалпы желтоқсан айында ауа райы ашық болады. Ең суық күндер желтоқсанның 13-і мен 14-і. Бұл күндері ауа температурасы күндіз 9 градус, түнде 15 градусқа дейін суық болады. Ай салқын ауа райымен аяқталып, кейбір жерлерде қар жауып, күндіз 8 градус, түнде 10 градусқа дейін төмендеп, үсік болуы мүмкін.

Батыс Қазақстан облысында айдың орташа температурасы 11 градус суықтықты көрсетеді. Желтоқсанның алғашқы күндері күн ашық болып, күндіз ауа температурасы 6 градусқа дейін төмендейді. Айдың екінші онкүндігінің ортасында 1 градусқа дейін жылы болып, үшінші онкүндікке дейін қатты жел сақталады. Айдың бітуіне он күн қалғанда жауын-шашын болмайды, ең жоғарғы ауа температурасы күндіз 4-6 градусқа төмендейді. Айдың ең суық күндері желтоқсанның 27-сі. Бұл күні күндіз 15 градус, түнде 16 градус төмендікті көрсетіп, аяз болады.

Жамбыл облысында айдың орташа температурасы 5-9 градус жылылықты көрсетеді.  Күн ашық, құрғақ болып, жауын-шашын күтілмейді. Екінші онкүндікті қоспағанда, ай бойы құрғақ ауа райы болады деп күтілуде. Желтоқсанның басында ең жылы күндер болады. Күндіз 8-9 градус, түнде 1-3 градусқа дейін ауа температурасы жоғарылайды. Айдың екінші онкүндігінің басында жылылық сақталып, күндіз 5-6 градус, түнде 1-2 градус жоғарылықты көрсетеді. Айдың ең соңғы шешуші онкүндігінде ауа температурасы күндіз 7-12 градус жылы болады. Ай жылы, әрі ашық ауа райымен аяқталады. Күндіз 5-7 градус жоғарылықты көрсетіп, желтоқсанның 27-сі мен 28-і күндері жауын-шашын болады деп күтілуде.

Қарағанды облысында айдың орташа температурасы 11 градус суықтықты көрсетеді.Желтоқсан айының басынан ортасына дейін көшпелі бұлт шығып,қатты жауын-шашын мен қар жауып,жолдарда көктайғақ орын алады. Суық ауа температурасы желтоқсанның 12-сі мен 13-і күндері болады. Бұл күндері термометр бағаны күндіз 14 градус, түнде 17 градусқа дейін суықтықты көрсетеді. Үшінші онкүндіктің басында аймақта күн ашылып, ең жоғары температура күндіз 4-6 градус төмендікті көрсетеді. Айдың соңғы күндері күндіз 3-5 градус,түнде 7-9 градус суықтықты көрсетеді.

Қостанай облысында айдың орташа температурасы 14-16 градус суықтықты көрсетеді. Желтоқсан айында көшпелі бұлт шығып, қар жауады деп мінезделеді. Бірінші онкүндікте ауа температурасы 10-12 градус суықтықты көрсетеді. Екінші онкүндіктің ортасында күндіз 26 градус, түнде 30 градусқа дейін суықтықты көрсетеді. Үшінші онкүндіктің басында ауа температурасы 3 градусқа дейін көтеріліп,кейбір жерлерде қар жауады деп күтілуде. Желтоқсан айы көшпелі бұлттың шығуымен, қардың түсуімен аяқталады.

Қызылорда облысында айдың орташа температурасы 2-4 градус жылылықты көрсетеді. Айдың басында аздаған жаңбыр жауып, көшпелі бұлт шығып, күндіз бес градусқа дейін жылы болады. Екінші онкүндіктің басында жауын-шашын сақталып, түнде алты градусқа дейін суытып, үсік жүруі мүмкін. Айдың ортасынан аяғына дейін, аймақта ашық және құрғақ ауа-райы сақталады. Ең жоғарғы ауа температурасы күндіз 6 градус жоғарылықты көрсетеді. Үшінші онкүндіктің ортасында күн ашық болып, ауа температурасы күндіз  4 градусқа дейін көтеріледі.

Маңғыстау облысында айдың орташа температурасы 4-6 градус жылылықты көрсетеді. Айдың басында жауын-шашын болып, көшпелі бұлт шығады. Ең жоғарғы температура күндіз 8 градус, түнде 4 градус жылылықты көрсетеді. Айдың ортасында жауын-шашынсыз, күн ашық болады. Күндіз 10 градус, түнде 3-5 градус жылы болады. Айдың соңғы күндері кейбір жерлерде аздаған жауын-шашын болып, күндізгі ауа температурасы 4-6 градус, түнде 3 градус жылылықты көрсетеді.

Оңтүстік Қазақстан облысында айдың орташа температурасы 7-9 градус жылылықты көрсетеді. Айдың бірінші онкүндігінде аймақта жауын болып, күндіз 14 градусқа дейін жылы болады.Желтоқсан айының екінші онкүндіктің аяғынан соңғы онкүндіктің аяғына дейін, жылы, құрғақ ауа райы сақталады. Орташа ауаның температурасы күндіз 7-9 градус, түнде 0 градус жылылықты көрсетеді. Желтоқсанның аяғында жауын-шашын болып, жаңбырлы ауа райы болжануда.

Павлодар облысында айдың орташа температурасы 10-12 градус суықтықты көрсетеді.Айдың бірінші онкүндігінде ең жылы күн желтоқсанның 4-і болады. Бұл күні күндіз 3 градус жылы болса, түнде бірден 13 градусқа дейін төмендейді. Жауын-шашын айдың ортасына дейін болады. Ал желтоқсан айының 13-і мен 14-і күндері ең суық болып есептелінеді. Бұл күндері күндіз 18 градус, түнде 22 градусқа дейін төмендейді. Осыдан кейін аймаққа жылы ауа циклондары келеді. Термометр бағаны 7 градус төмендікті көрсетеді. Жалпы айдың аяғында кейбір жерлерде аздаған жаңбыр жауып, көктайғақ болады деп күтілуде.

Солтүстік Қазақстан облысында айдың орташа температурасы 15-17 градус суықтықты көрсетеді.Қыстың бірінші айында облысқа жауын-шашынмен араласқан қар түседі. Айдың соңына дейін жаңбырлы және суық ауа райы сақталып, күндіз 3-20 градус, түнде 26 градусқа дейін төмендікті көрсетеді. Суықтың ең шыңы желтоқсанның 13-і мен 15-і күндерінде болады деп болжануда. Бұл күндері термометр бағаны күндіз 22 градус, түнде 29 градусқа дейін суықтықты көрсетеді. Ай суық ауа температурасымен аяқталады. Кейбір жерлерде қар жауып, күндіз 12 градус, түнде 15 градусқа дейін төмендейді.

Шығыс Қазақстан облысында айдың орташа температурасы 5-7 градус суықтықты көрсетеді. Айдың басында жауын-шашын түседі. Ең суық күндер желтоқсан айының 20-ы мен 21-і. Күндіз 6 градус, түнде 15 градусқа дейін суықтықты көрсетеді. Екінші және үшінші онкүндіктің басында ашық ауа райы болжанып, одан кейін бірден жауын-шашын болып, көктайғақ орын алады. Үшінші онкүндіктің басында салқын ауа райы сақталып, кейбір жерлерде қар жауады. Жалпы айдың соңында жауын-шашын күтіліп, күндіз 7 градус, түнде 10 градус аяз болады деп болжануда.

Желтоқсанның 3-і күні ел аумағында әлсіз магнитті дауылдар болады деп болжануда.

Қазақстан бойынша алдағы қысқа ауа райы болжамы

“Қазгидромет” РМК синоптиктерінің ұзақ мерзімді болжауына сәйкес , республикадағы қыс ерте және қарлы болады деп күтілуде. Қаңтар айында температура көрсеткіші орташа деңгейді көрсетіп, бір градус Цельсий бойынша көзделеді. Тек, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында шамамен орташа мәнге ие көрсеткіштер болады. Ал ақпан айында, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарында температура көрсеткіштері орташа болып, төмен климаттық мәнге ие болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз