Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Жұрт абыр-сабыр. “Қазинвестбанк” жұмысын кілт тоқтатты

Алайда бұл ретте өз дерек көздеріне сілтеме жасаған Forbes.kz “Қазинвестбанк” техникалық дефолтқа жол беріп қойды деп хабарлады.

Басылымның келтірген дерегіне сүйенсек, банктің тағдыры дүйсенбі күні, 26-желтоқсанда шешілмек. Қадағалаушы орган қандай шешім қабылдайды: банкті аман алып қалу керек пе әлде банкрот жариялағаны жөн бе?

Кейбір дереккөздер бойынша, тура осындай жағдай Қазақстандағы ірі банктің 20-сы қатарына енетін тағы бір банктің басына да туған.

KASE сайтында 21-қарашада “Қазинвестбанк” АҚ акционерлерінің кезектен тыс жиыны шақырылғаны хабарланған. Күн тәртібіне өзгеріске ұшыраған банктің қаулысын қайта қарап, бекіту ұсынылған.

KASE сайтында келтірілген дерекке сүйенсек, ҚР Ұлттық банкті 23-желтоқсанда “Қазинвестбанктің” 2015 жылдың 5-қарашасы мен 2016 жылдың 4-мамыры кезеңі аралығында орналастырылған акцияларының қорытындысы туралы есепті бекітті. 2016 жылдың 5-мамырындағы жағдай бойынша банктің 201 650 214 қарапайым акциясы орналастырылмай қалған, оның жарғы капиталы 13 954 767 000 теңге көлемінде болды.

Ал 2-қарашада “Қазинвестбанк” тұтынушыларына несие ұсыну үшін 30 млн доллар көлемінде қарыз алғанын жариялады. Бұл туралы банк Қазақстан қор биржасын құлағдар еткен.

7-қарашада Ұлттық банк депозит қабылдау және жеке тұлғаларға банк шотын ашу бойынша “Қазинвестбанктің” лицензиясын тоқтатты.

ҚР Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышевтің айтуынша, тәуекелдерді басқару жүйесіндегі жұмыстарда анықталған өрескел қателіктер мен заңсыздықтар банкке қатысты қарсы осындай шаралар қолдануға тура келген.

Еске сала кетелік,

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз