Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
10
USD
430
+1.16
EUR
503
+2.73
RUB
5.42
-0.02

Әсіредіншілдік айтыскер ақындардың тілін байлайды – Жүрсін Ерман

Қазақстан ақындарының, жыршыларының, термешілерінің кәсіби ұйымы барын, ондай одақтың төрағасы өзі екенін айтқан Жүрсін Ерман, өздерінің республика аумағында өткізілетін кішігірім айтыстарға басшылық жасап, оның тақырыбына дейін анықтап, шегелеп отыруы тиіс екенін мәлімдейді.

Алайда ол өз сұхбатында кей жағдайда еліміздің аумағында өткізіліп жатқан кішігірім айтыстардан хабарсыз қалатынын айтады.

– Өз жұмысын дұрыс білмейтін, бірақ соған қарамастан, айтыс ұйымдастырығысы келіп, шала бүлінетін жергілікті биліктің мәдениет басқармасының өкілдері бар.

Олар айтыскердің қалай айтысатындығы түгілі, оның кім екенін де білмейді. Содан келіп айтыстың құны түседі. Бұған мүлде жол бермеу керек,

– дейді ол.

Сондай-ақ ақын ағамыз қазақ қоғамында әсіре діншілдер де, өтірік дінді насихаттап жүргендер де, өзінің намаз оқитындығын насихаттау арқылы арзан ұпай жинап жүргендер де толып жүргенін, оның біразы айтыста барын айтады.

– Дінге шырмалып қалды ма, айтыстан кетіп жатқандары да бар. Балғынбек бастағандар. Көз көріп отырып, оны не үшін жасырамыз? Тілін байлайтын болу керек. Басқа сылтау жоқ.

Мен Балғынбекті жақсы көремін. Аса талантты ақындарымыздың бірі, осы айтысты биікке көтерген санаулы тұлғалардың бірі. Бірақ оның әрекетін түсінбеймін. Әсіре діншілдік айтыстағы ақындардың тілін байлайды екен. Жастардың санасы әлсіз ғой, тез шырматылып қалды, – дейді Жүрсін Ерман.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз