Араб елдері тұрғындарының бірі “YouTube” қолданушыларымен жай су мен Сауд Арабиясындағы зәм-зәм суын ажырату тәсілдерімен бөлісті.
Ол үшін мынадай тәжірибе жүргізілген. Ол электр шамын көрсетіп, оның арнайы тоққа қосылғанда ғана жанатынына назар аудартты.
Онан соң шам сымтемірлерін қарапайым су құйылған ыдысқа салды, әлбетте, шам жанған жоқ. Осыдан кейін шамды судан шығарып, сымтемірін құрғатып сүртіп, зәм-зәм суы құйылған ыдысқа салды. Бұл сәтте электр шамы жанды.