Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

ЗD принтерлер Қазақстанның құрылыс нарығына қаншалықты қажет?

«Диалог алаңында» жаңа құрылыс материалдарын ойлап тапқан ғалымдар өздерінің жобаларын таныстырды.

Жану мәселелері ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары Ерхан Әлиев жиналған қауымға үй тұрғызуға арналған 3D принтерін таныстырды.

Өз сөзінде ғалым іргедегі көршіміз Ресейде құрылыс саласына 3D принтерді қолдануға деген талпыныс артып отырғанын алға тартты.

– 3D принтерлер алдағы уақытта құрылыс саласында дүмпу туғызады. Заманауи қондырғыны қолданып құрылыс салғанда шығын көлемі айтарлықтай азайып, сапалы үй тұрғызуға мүмкіндік туады

– деді Ерхан Әлиев.

Ал Тараздан арнайы келген М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ғалымы Серік Нұрпейісов күкіртбетон жобасы жайында әңгімеледі. Ол елімізде тау болып үйіліп жатқан күкіртті жол құрылысына кең көлемде пайдаланудың жолын тауыпты.

Толықтай ғылыми негіздемесі жасалынған жобаны өндіріске енгізу үшін 80 млн. теңгеден астам қаржы керек. Ғалым «күкіртбетон өндірісі жолға қойылатын болса, еліміздегі жол құрылысына жұмсалатын қаржы үнемдеуге болады», – дейді.

Бұдан басқа ЕуроОдақтың «Горизонт 2020» бағдарламасының еліміздегі үйлестірушілері қазақ ғалымдарын осы жобаға қатысып, бақтарын сынауға шақырды.

Жиынға қатысқан тараптар мұндай маңызды басқосулар жиі өтуі керектігін тілге тиек етті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз