92 баулы қыпшақтың да көбі “өз ағамның” арасында қалып қойды. Ол жақта “өзбек” атанған найманың да, жалайыр, дулат, қоңыратың да көп.
“Өзбек – өз ағам” дегенде’ қазақ осы туыстықты меңзеген. Әйтпесе оны әдейi басына көтерген жоқ. Қазіргі өзбек кейiн сарттанып кетсе, ол бөлек әңгiме.. Қырғызды да “бауырым” деп бекер айтып жүрген жоқ. Бiреуiнiң жасы үлкен, бiреуiнiң жасы кiшi болғаннан (кейiнірек пайда болған үш жүз де сол) кейiн емес, мұнда халқымыздың осындай тарихи тамырластықты меңзейтін терең тұспалы жатқанын түсінуіміз керек, ағайындар…
Жолымбет Мәкіш
Facebook-тегі парақшасынан