Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
10
USD
421
0.00
EUR
499
0.00
RUB
5.6
0.00

Заттыбек Көпбосынұлы дүкенін намазхана етіп, халыққа сыйлады (фото)

ҚМДБ ОҚО өкіл имамы Ахметжан Керімбек алғашқылардың бірі болып намазханада намаз оқып, игі іске разылығын білдіріп, алғысын айтты.

13839769_1013063425477751_260630866_o-675x380

Имам намазханаға арнайы ұстаз бекітіп берді. Енді бұл намазханада ауыл балалары құран оқып, имандылықпен сусындайды.

 

20160726_144412-675x380

Ата-ананы сыйлау, отанды сүю, көркем мінез тақырыбында тұрақты түрде сабақтар өтіп тұрады.

20160726_153320-675x380

Жұмыс істеп, саудасы қызып тұрған дүкенді намазханаға айналдырғанын Заттыбек Көпбосынұлы: «Алла маған өнер берді, сол өнер арқылы ризығымды молайтты. Екі қабатты зәулім үй салдым. Бұл намазхана – менің Аллаға деген шүкірлігім. Біздің мөлтек ауданға мешіт сәл алыстау. Жаяу жүріп бір сағатта барасың. Осындағы ақсақалдар, балалар қиналып қалмасыншы, жиналып намаз оқитын, рухани әңгіме айтатын жері болсыншы деген ниет еді. Арнайы ұстаз бекітілді. Енді балалар осы намазханадан бабалар ұстанған асыл діннің негіздерін үйреніп, иманды болып өссе мен үшін сол – үлкен бақыт. Осы уақытқа дейін де дүкенсіз өмір сүрдім ғой, бұдан кейін де Алла өзі жеткізеді» — дейді.

20160726_153453-675x380

Ақсақалдар ақ батасын беріп, көршілер: «Жаны жайсаң, қолы ашық Заттыбек Көпбосынұлының бұл ісі – нағыз азаматтық, тұлғалық. Аман жүрсін, өмірі берекелі болсын» — деп ақ тілегін айтып, ризашылықтарын білдірді.

 

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз