Зәресі ұшқан 12 маймылдың жүрегі жарылып өлді (видео)

Үндістанда қорқып қалған 12 маймылдың жүрегі жарылып өлген.

Бұл туралы  Baq.kz ақпарат агенттігі life.ru-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Үндістанда Уттар-Прадеш шатының тұрғындары орманнан 12 маймылдың өлексесін тауып алған. Алғашында, ветеринарлар оларды уланып қалған деп ойлапты. Бірақ сараптама жүргізілгеннен кейінгі зерттеу нәтижелері олардың жүрегі жарылып кеткендігін анықтаған.

«Патологиялық-анатомиялық қорытындыға сәйкес, маймылдар жүректері жарылып өлген. Оған жолбарыстың ақырғаны себеп болуы мүмкін» , — дейді ветеринар Санджив Кумар.