Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
20
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

“Анықтадым, сұмдық қой”. Зорланған бала ісін қолға алған Зағипа Балиева қатты ашулы

111

Мен ішкі істер басқармасы басшылығымен жеке сөйлестім. Менің өтінішім бойынша ол әжесі мен немересін жеке қабылдайтын болды. Мен ол жаққа барлық қатысушымен кездесетін тексеріс тобын жібердім”, – деді Зағипа Балиева.

 

https://kaz.365info.kz/koz-zhymdy-okhushyny-zhappaj-zorlady-degen-okhigaga-khatysty-tyn-malimet-zhariyalandy-306341

 

 

Ол мән-жайды жан-жақты анықтау үшін кешенді сараптама тағайындалғанын айтты. Сараптама Астанада жүргізіледі. Нәтижесіне байланысты шара да қолданылатын болады.

 

https://kaz.365info.kz/symyrajlar-auyl-akhsakhaly-zorlangan-bala-turaly-symdykh-faktilerdi-ajtty-306449

 

“Егер қоғам сараптаманың шын-өтірігі жайлы сұрақ қоятын болса, мен кешенді сараптаманы Астанада өткізу жайлы шешім қабылдадым. Әжесі мен немересі келесі аптада осында келеді. Осы сараптама қорытындысынан соң ғана шара қолданылады. Бәрін заңға сүйеніп жасау керек.

Егер сараптама зорлық болғанын растаса, мен ІІД мен ҚР Бас прокуратурасына қоғамды адастырған барлық лауазымды тұлғаны жауапкершілікке тарту туралы хабарлама жіберемін.

Егер сараптама зорлық болғанын дәлелдемесе, онда басқа шара қолданамыз”, – деді Балиева.

Ол сараптаманы жеке бақылауына алатынын мәлімдеді.

Естеріңізге салайық, ОҚО, Абай ауылының тұрғыны жеті жастағы немересінің бірнеше ай бойы зорланып келгенін айтып, дабыл қаққан болатын. Баланың туысқандары құқық қорғау органдарының әрекетсіз отырғанын айтты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз