Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Қызылордада полиция қатарына қосылған жас сақшылар салтанатты түрде ант қабылдады

167

Қызметке жаңадан келген 25 жастың 10-ы жергілікті полиция қызметінің қатарын толықтырды, ал қалғандары тергеушілер, анықтаушылар, кадр қызметкерлері және жедел уәкілдер болып табылады.

Алғашқы болып ант қабылдаған Мырзахожаев Сағындық бүгіннен бастап жергілікті полиция қызметіндегі алғашқы кезекшілігіне шықпақ. Ол қатардағы полицей, алайда 2 айдан кейін полиция кіші сержанты шенін алады.

Жас полиция қызметкерінің үшеуі – қыз бала. Солардың бірі – Зілғараева Эльмира Серікқызы. Ол осы салтанатты іс-шара аяқталысымен өзінің жұмыс орнына, яғни кадр жұмыс басқармасына аттанатын болады. Оның басты міндеті – қызметкерлердің жеке құжаттарын әзірлеу, қадрлық саясатты жүзеге асыру.

Полиция қызметіне жаңадан қосылған жас буынды айтулы күндерімен ішкі істер департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Оспанов Жарас құттықтады. Ант қабылдау – әрбір полиция қызметкері үшін толғандыратын салтанатты сәт екендігін атап өтіп, өзінің қызметін, өмірлік жолын халыққа қызмет етумен байланыстырған жас қызметкерлердің азаматтық борыштарын абыроймен атқаруларына тілектестік білдірді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз