Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
16
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Қызылордада орыс жігіті исламды қабылдады

Мешіттің баспасөз қызметінен хабарлағандай, алдымен ислам дінінің мән-маңызына тоқталған мешіттің наиб имамы Қайырбек Отызбаев әлемді бейбітшілікке, мейірімділікке үндейтін ислам – Алланың ақиқат жолы екенін түсіндірді.

Ислам дініне бет бұрған кез келген жан Оған күшпен емес, өзінің ақыл-парасатымен, терең пайымымен түсіне қабылдайтындығын тарихи деректермен айтып жеткізді. Оған мысал ретінде дүниенің танымал спортшылары (Мұхаммедәли, Тайсон), өнер иелері мен ғылым адамдарын атады.

Мұнан кейін Владик өзінің ерік-қалауымен мұсылманшылыққа бет бұруға әзір екенін білдіріп, исламның алғышарты болған кәлимаға тілін келтірді. Мешіт атынан оған бірнеше құнды кітаптар табысталып, бата жасалды.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз