Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Қызылордада 37 оқушы ҰБТ тапсырмай-ақ студент атанады

– Биыл облысымызда 6564 оқушы мектеп бітіріп жатыр. Оның 4559-ы ҰБТ-ға қатысады, яғни, мектеп бітіруші түлектің – 69,5 пайызы. Ал «Алтын белгіге» үміткер түлектердің саны – 329 оқушы,  «Үздік аттестатқа» үміткер – 123 оқушы, – деді Бақытжан Сайлыбаев.

Облыста ҰБТ тапсыру үшін 9 пункт, 104 аудитория дайындалған, оның екеуі – Қызылорда қаласында.

– Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дің 5-ғимараты мен №2 мұрагер мектебі сақадай сай. Барлық қажетті құралдармен жабдықталған. Бейнекамералар орнатылған, ұялы телефонды тұншықтырғыш та жұмыс істеп тұр. Алыс аудандардан келетін оқушылар үшін 139 автобус дайындалды, – деді облыстық білім басқармасының басшысы.

Биыл облыста халықаралық конкурстардың жеңімпаздары атанған 37 мектеп бітіруші түлектер ҰБТ-дан босатылған, яғни, олар тестілеуден өтпей-ақ студент атану мүмкіндігіне ие болғандар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз