Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Қызылорда полиция қызметкерлері оқушыларға тегін оқу-құралдары мен сөмке таратты

188

Қызылорда облыстық ішкі істер департаментінің қызметкерлері де аталған кең ауқымды қайырымдылық шарасынан шет қалмай, көмекке мұқтаж жандарға әлеуметтік көмек көрсетті. 20 тамыз күні облыс орталығындағы «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде өткен қайырымдылық акциясына облыстық ішкі істер департаментінің кадр жұмыстары басқармасының бастығы, полиция полковнигі Әбілдаев қатысып, жаңа оқу жылын бастағалы отырған оқушыларға 84 дана сөмке мен оқуға қажетті мектеп құралдарын табыс етті.

Осындай көмекке зәру балалардың бір сәттік қуанышына куә болған қызылордалық полицейлер балаларға жаңа оқу жылында сәттілік тіледі, елдің қорғаны болар үлкен азамат болып өсетіндеріне сенім білдірді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз