Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
10
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Үздік 50 елдің қатарында”. Еліміздің қорғаныс әлеуеті бойынша рейтингі жақсарды

Мінекей, жыл сайын әлем елдерінің әскери мүмкіндіктерін сараптап, соған сай баға беретін  GFP (Global Firepower – Жаһандық әскери қуат) рейтингісінде Қазақстанның позициясы әжептәуір жақсарған екен. Осы сала мамандарының пікірінше, Қазақстан соңғы жылдары аталған рейтингте жақсы нәтижелерге қол жеткізуде. 

Осынау рейтингінің былтырғы жылғы көрсеткішінде еліміз 55-ші орынға орналасқан болса, биылғы жылы бірден бес саты көтеріліп,  50-ші орынға жайғасыпты.

Әскери саланың мамандарының айтуынша, мұны тамаша жетістік деуге әбден негіз бар. Себебі, осы рейтингтегі мемлекет әскери әлеует көрсеткіші жыл өткен сайын жақсару үстінде.  

Ал біздегі кейінгі орындарға: 

  1. Әзербайжан (53-ші орын);
  2. Дания (54-ші орын);
  3. Финляндия (59-шы орын);
  4. Австрия (61-ші орын);
  5. БАӘ (65-ші орын);
  6. және де Иордания (76-шы орын) сияқты мемлекеттер орналасқан екен.

Ал 2018 жылдың рейтингісінде Қазақстан Сирия (49-шы орын) және Эфиопиямен (51-ші орын) бір қатарда тұрғаны жайы бар.

Ал осы рейтингінің көш басында – АҚШ тұр. Айта кетейік, АҚШ өзінің былтырғы жылғы көшбасшылық орнын сақтап қалған. Екінші орынға – Ресей, үшінші орынға Қытай орналасқан.

Әскери әлеуеті мықты державалардың ондығына, төмендегідей мемлекеттер орналасыпты: 

  • АҚШ (1-ші орын); 
  • Ресей (2-ші орын);
  • Қытай (3-ші орын);  
  • Үндістан (4-ші орын);
  • Франция (5-орын); Ұлыбритания (6-орын);
  • Оңтүстік Корея (7-ші орын); Жапония (8-ші орын);
  • Түркия (9-шы орын)
  • және де Германия (10-шы орын). 

Әрбір елдің әскери әлеуетіне шолу жасайтын осынау рейтингке әлемнің барлығы 136 мемлекеті енген екен. Биылғы жылы бұл тізімге Черногория, Ирландия және де Либерия мемлекеттері қосылды. 

Рейтингінің өзіндік есептеуінде мемлекеттердің бүгінгі таңдағы экономикалық хал-ахуалы, саяси және әскери көшбасшылығы назарға алынбайды.  

Нақтырақ айтқанда…

Сарапшылардың пікірінше, бұл рейтингтің басты артықшылығы – «кішігірім, алайда технологиялық тұрғыдан дамыған мемлекеттердің – ірі, бірақ даму жағынан әлсіздеу мемлекеттермен бәсекелесуіне мүмкіндік беретінінде.

Ал бұл өте әділетті есеп. Мінеки, ілгеріде атап көрсетілген көрсеткіштерді негізге ала отырып, Global Firepower – әскери әлеует рейтингінде Қазақстанды 136 мемлекеттің арасында 50-інші орынға қойғанын айтты. Иә, рас бір кездегі одақтастарымыз Беларусь, Өзбекстан, Украина мен Ресей – біздің алдымызда тұр. Дегенмен, оларды қуып жету уақыттың еншісінде деп білеміз.

Global Firepower рейтингі Қазақстанның әскери әлеуеті туралы төмендегідей мәліметтер келтірген:

  • Сапқа тұруға шақыруға жарамды адамдар саны – 8,5 млн;
  • Жұмысқа жұмылдыруға жарамды адамдар саны – 6,44 млн;
  • Әскер жасына толғандар саны – 245 мың;
  • Қазір әскери қызметтегілер – 106 500; олардың ішінде қазір белсендісі – 74 500, резервтегілері – 32 мың.

Ал қару-жараққа келетін болсақ, келесідей мәліметтер белгілі екен:

  1. Ұшақтардың барлық түрінің саны – 239;
  2. Жойғыш ұшақтар – 91;
  3. Шабуылшы ұшақтар – 142;
  4. Тасымалдаушы ұшақтар – 64;
  5. Жаттығу ұшақтары – 17;
  6. Тікұшақтардың жалпы саны – 67;
  7. Шабуылшы тікұшақтар – 18;
  8. Танкілер – 300;
  9. Қалқанды машиналар – 1 613;
  10. Жылжымалы артиллериялық қондырғылар – 285;
  11. Тасымалданатын артиллерия — 744:
  12. Реактивті атыс қондырғылары – 393;
  13. Теңіз жабдықтарының барлығы – 15;
  14. Сақшылық кемелер – 12.

Рейтингте келтірілген экономикалық сипаттағы басқа мәліметтер (бюджет, логистика, жағырапиялық жағдай) бізге былай да таныс. Солай. Қару-жарағымыз бен экономикалық мүмкіндіктеріміз осындай екен.

 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз