Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
8
USD
449
+0.25
EUR
477
-1.21
RUB
4.77
-0.02

Қыз-ау, қойсаңшы! Савченко тағы дауға қалды

13 желтоқсанда белгілі болғандай, бірнеше апта бұрын Ресей тарапынан тұтқында болған Савченко “Батькивщина” партиясынан шығып кеткен екен. Бірақ парламент фракциясында қалуды жөн санаған.

7 желтоқсанда Надежда Савченко Минскіде өздерін өздері жариялаған “ЛХР” және “ДХР” лидерлері Игорь Плотницкий және Александр Захарченкомен ресейлік өкілдің қатысуымен кездескен. Украина арнайы қызметінің мәліметіне қарағанда, бұл кездесуде тұтқындарды айырбастау туралы ғана емес, кейбір қарулы қақтығысқа қатысып сотталғандарға амнистия беру жөнінде және Украинаның бағынбай отырған Донбас аумағынан экономикалық санкцияларды алып тастау жөнінде келіскен.

Ресми Киев сепаратистермен тікелей байланысты мойындамайды. Украина президенті Петр Порошенко Савченконың сепаратистермен келіссөзі “не өзінің, не Украинаның пайдасына шешілмейді” деп мәлімдеді. Бірқатар украиндық саясаткерлер мен сарапшылар Савченконың бұл қадамын “ұлттық сатқындық” жасады деп бағалады.

Жоғарғы Рада Савченконы парламенттегі ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері жөніндегі комитеттен шығару жөнінде қаулы дайындап қойды. Мұнан бөлек бірқатар депутаттар Савченко енді Еуропа Кеңесінің парламенттік ассамблеясында Украина өкілі болуға тиісті емес деп отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз