Нұр-Сұлтан
Қазір
-8
Ертең
-12
USD
423
-0.47
EUR
503
-0.60
RUB
5.59
-0.01

“Ұятсыз…”. Желіге жалаңаш суретін салуды әдетке айналдырған арудың туыстары одан бас тартты

111

Бұл күнде әлеуметтік желіде еш қымсынбастан жалаңаш тәнін көрсетіп, ерсі әрекетімен елге танымал болғысы келетін қаракөздеріміздің қарасы көбейіп кетті. Бірі төсін ашып тыраштанса, басқасы тәнінің сұлулығын жалпақ жұртқа жариялап әлек. Ал мамандар мұны технологияның дамыған заманындағы дауасы жоқ дертке жатқызады.

«Бұрынғы қыздар тұрмыс құрғаннан кейін күйеуінің алдында шешінетін. 80-жылдардың қыздары ақшаға суретке түсу үшін шешінді. Қазіргілер «лайк» үшін шешінеді. Сондай дәрежеге түсіп кетті. Бұл айналасындағылардың әсері емес. Түйсікке, білімге, тәрбиеге байланысты», – дейді қоғам белсендісі Дәурен Құдайбергенов.

Әлеуметтік желінің арбауына түскен 19 жастағы Карина күнделікті өмірін «лайксыз» елестете алмайтын күйге жеткен. Хайп үшін қандай болса да қадамға баруға дайын. Алғашқыда жігітіне ерегіскендіктен, жалаңаш тәнінің суретін желіде жариялаған. Осылайша, бір-ақ сәтте жұлдызға айналған ол талай сынның астында қалғанын жасырмайды.

Тіпті ерсі қылықтарынан кейін одан туған-туысқандары да теріс айналған. Бірақ өзіне деген осындай көзқарастарға қарамастан бойжеткен алған бетінен қайтар емес.

«Ең бірінші жалаңаш суретімді жариялауым кездейсоқ болды. Мұнан кейін маған осындай суреттер ұнап қалды. Әрі қарай суретке түсе бастадым. Бәрі маған ұрыса бастады. Содан кейін ұрысқандарын қойды. Қазір қатты ештеңе айтпайды», – дейді Карина.

Заңгерлердің сөзінше, кез-келген порнографиялық элементтері бар әрекет үшін заң алдында жауап беруге тура келеді.

«Ол туралы жеке заңда бар. Ол қаншалықты шешінгеніне байланысты. Мұндай заттарды кім көретінін ешкім білмейді ғой.

Оны жасөспірімдер көруге болмайтын, тымый салынған жағдайларда жасаса, әрине, жауапқа тартады. Қылмыстық жауап та бар, әкімшілік жауап та бар», – дейді заңгер Тұрсын Төлеген.

Ал танымал блогер Алмас Тоқабаев интимдік суреттерін жарнамалап, арзан танымалдыққа қол жеткізгісі келетін бойжеткендерге қолданар ауыр жаза бар дейді. Ол…

«Мұндай адамдар үшін ең жақсы жаза – игнор, яғни бейтараптық. Көрсең де, көрмегендей өтіп кет. «Лайк» баспа, пікір жазба. Қызықтың ба, бір қарап ал да, әрі қарай кете бер. Адамдар бейтараптық танытса, олар да кетеді. Мүмкін басқа жолға түсіп кетер. Жеңіл танымалдыққа ұмтылған адамдардың эгосын қанағаттандырмау керек», – дейді блогер.

Ал психолгтардың сөзінше, әлеуметтік желіде жалаңаш суреттерін жүктеп, қоғамдағы кейбір түйіткілді мәселелерге қатысты өзінің позициясын дәлелдеп жүрген арулардың басым бөлігі жігіттердің назарынан қалған немесе жалғыздықты бастан кешіп жүрген жандар.

Ал күні-түні жұрттың назарын шешіну арқылы өзіне аударғысы келетіндер – психологиялық ауруға шалдыққандар. Ондайлар ертең кеш болып кетпес үшін, дереу психолог мамандарға жолығуы тис.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз