Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
10
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Ұят болды…”. Астанадағы атақты гимназияның масқарасы шықты (видео)

288

Тіпті, мұғалімдер бүгін гимназияға білім басқармасы басшысын шақыртып, бірнеше мәселені тізіп берді. Алайда, шенеунік ашулы ұстаздардан қорықты ма, шағымдарын аяғына дейін тыңдамастан, әрең қашып құтылды деп хабарлады 31 телеарна.

Ұстаздардың айтуынша, мектеп басшысы мұғалімдерді жұмысқа алу үшін “ставка” қойып, сұранған сағаттарына, категорияға ақша төлеттірген. Ал спорт зал жалға алатындардан босамай, оқушылар бас сұғудан қалыпты…

ГҮЛМИРА ӘБЕНОВА, Астана қ. №67 мектеп-гимназиясының мұғалімі:

– Мектептің ішінде беретін ІІ-ші категорияға 15 мыңнан жинады, не сұмдық?

Кетсін жұмыстан директор, ол кісі мәдениетсіз, адаммен тіл табыса алмайды, а , о деп сөйлегені осы.

Балаға сабақ үйретудің орнына, директормен дауласқан ұстаздар басшыларын гимназияны басқаруға лайықсыз дейді. Әлфия Мұсаева мұғалімдермен тіл табыса алмайды, дөрекі мінез көрсетеді деген айыптауларын да білім басқармасы басшысы алдында жарыса айтты. Тіпті, балалардан да түрлі концерттер үшін ақша жинатып, билет сатуға міндеттейтіні жанымызға қатты батты дейді ұжым…

ҚАЙЫРЖАН ШАЯХМЕТОВ, Астана қ. №67 мектеп-гимназиясының мұғалімі:

– Осы мұғалімдер қорыққаннан жинайды балаларды. Қыс бойы концерт, платный. 600-700 теңге. Бүкіл балаларды сабақтан босатып әкеп отырғызып қояды

Ұстаздардан әрең құтылған білім басқармасы басшысының жанынан екі елі қалмай жүрген мектеп директоры, әрине тағылған айыптардың бәрін жоққа шығарды. Үстінен арызданып, білім министріне хат жолдап жүрген мұғалімдердің өздерін “сабағын тастап, басқа кабинетте жүреді, қол жоспар жазбайды, тіпті мектепке ішімдіктің иісімен келеді” – деп айыптады…

ӘЛФИЯ МҰСАЕВА, Астана қ. №67 мектеп-гимназиясының директоры:

– Олар ақшаны маған емес, бір біріне берген. Менде қол хаттары бар. Мен қатаң сөгіспен қалдырдым, себебі кадр жетіспейді.

Әлеуметтік желіде тараған мына видеода медбикенің шырылдап айтқан шындығы жүр. Бірақ ол, неге екені белгісіз, сюжетке енбей қапты.

Ыбышева Салтанат, Астана қ., №67 мектеп-гимназияның медбикесі:

– 2016 жылдың 10 қазанынан бастап осы мектепке медбике болып келдім. Бірақ директор кабинетіне шақырып алып: „Саған 21 қыркүйектен бастап бұйрық шығарамыз, ол кезеңнің ақшасын маған өз қолыма әкеп бересің„ деді. Қай мектеп медбикесіне бірінші айында 169 мың теңге береді? Шотты тексерсін, сондай ақша тұр, міне дәлел.

64 мыңын директордың қолына „лично„ әкеп бердім.

Осылай да мұғалімдерге ақша артық түсіп тұрады. Қазір есепші неге жұмыстан кетіп қалды дейсіз? Қопарса бітті ғой… Сосын балаларға прививка жасатып жатқанымда бұл кісі мені кабинетіне күшік құсатып жүгіртіп шақыртып алады. Маған система қой деді…

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз