Желі оқырмандары Мәдина Сәдуақасоваға не болғанын түсінбей дал! Әнші ашық-шашық қалыпта түскен суретін жариялап, желіні біраз шулатып алды. Осы уақытқа дейін жұрттан тек жағымды пікір естіп келген Мәдина фанаттарының қатал сынына ұшырады.
Бұл туралы Stan.kz хабарлады.
“Әр адам әлемге әртүрлі көзқараспен қарайды және әр адамдікі дұрыс: оның мағынасы терең”, – деп Иоганн Гетенің цитаталық сөзін келтірген Мәдина осылайша өзінің ерекше көзқарасты екенін аңғартқысы келгендей.
Алайда желі оқырмандары әншінің жазбасына мән берместен, сынай жөнелді.
https://kaz.365info.kz/ol-bylaj-goj-madina-saduakhasova-zhykti-dep-bolzhagandarga-zhauap-berdi-video-303400
“Ұят болды, қазақ қызы деген атқа лайықты болып жүру керек еді, сенен көп жастар үлгі алады ғой”, “Құрдас, сен анасың, мынауың өте ұят, жағымсыз. Қазақтың қызысың, кеудеңді көрсетпесең де, сүйкімдісің”, “Тұрмыс құрған, баласы бар, төсін ашып алыпты. Елден, енеден ұят емес па?” – деп сынады тыңдармандар.
Айтпақшы, сурет фотошоппен өңделген болуы мүмкін деп болжаған кей жанкүйерлер әншіні орынсыз даттамауға шақырды.
https://kaz.365info.kz/dongelenip-tyr-zhankyjerleri-madina-saduakhasovadan-kydiktenip-khaldy-foto-303240
“Мәдина бұлай жасамайды. Не болса да соңын күтейік, оның атын қаралау мақсатында әлдекімдер жариялаған шығар”, – дейді желі қолданушылардың бірі.
Көбіне, шоу-бизнесте ашық-шашық киініп, суреттерін жариялауға қазақша тәрбие алмағандар бейім екенін баса айта кетелік.
https://kaz.365info.kz/syluyn-aj-mongoliyada-zhigitter-madina-saduakhasovaga-lap-khojdy-video-307103