Қытайда аяғы ауыр келіншек іштегі баласын 17-ай көтеріп жүр. Уақыт өткен сайын қорқынышы да зорайып бара жатқан келіншек екі күннің бірінде ауруханаға барып көрініп қояды екен.
ҚХР-дің Хунань елді-мекенінің тұрғыны екіқабаттығы бойынша Гиннестің әлем рекордын жаңартты деп жазды Қытай Компартиясының “Жэньминь жибао” басылымының People`s Daily атты ағылшынша нұсқасы.
„Әбден дегбірі қашқан әйел күн сайын ауруханадан тексеруден өтіп, іштегі баланың жағдайын білуге тырысып әлек. Дәрігерлер 14 ай болғанда баланы кесерова арқылы алудан бас тартқан. Өйткені, дәрігерлердің айтуынша, бала жеткілікті деңгейде жетіліп үлгермеген„ деп жазады қытайлық басылым.
– Мамандар кейбір әйелдер уақытынан кешігіп, 13-айда босанып жатады, бірақ 17 ай бойына бала көтерген деген болмағанын айтады. Олар оның себебін түсіндіріп бере алмай отыр, – дейді әйелдің күйеуі.
Дегенмен дәрігерлер әйелдің ішіндегі баланың денсаулығы жақсы екенін айтып отыр. Олар жүктілігі 18 ай болғанда келіншекке ота жасамақ боп жоспарлап отыр екен.