Қытай Халық Республикасы Ақтөбеде қайғылы жайтқа байланысты көңіл айтып, Қазақстанды лаңкестікпен күресте қолдайтынын мәлімдеді. Бұл туралы бүгін жыл сайын өткізілетін баспасөз мәслихатында ҚХР сыртқы істер министрлігінің өкілі Хун Лэй мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат.
– Қытай Ақтөбедегі атыс-шабыс құрбандарына, оның отбасыларына, сонымен қатар жараланғандарға қайғырып көңіл білдіреді. Қытай лаңкестіктің кез келген түріне қарсы. Сондықтан біз Қазақстан үкіметін лаңкестікпен күресте және ішкі тұрақтылықты қамтамасыз етуде қолдайтын боламыз. Біз Қазақстанмен лаңкестікпен қарсы күрестегі және аймақтағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдаудағы әріптестігімізді нығайтуға мүдделіміз, – деді ол.