Жаңа жылда Ыстамбұлда болған теракт кезінде Ирак тумасы, иордандық бизнесмен де көз жұмды. Ол – Maхди Мохаммад әл-Сарраф (Mohammad Al Sarraf) компаниясы тобының негізін қалаушы мультимиллиардер екен.
Бұл туралы 3-қаңтарда The Jordan Times хабарлады.
Миллиардер өзінің досы Наврас Ассафпен (Nawras Assaf) Reina клубына көңіл көтеру үшін келген. Оның досы да қарулы қақтығыс кезінде көз жұмды. Басылым деректеріне сәйкес, достар жұбайларымен бірге Ыстамбұлға мерекеге келген.
«Ассафтың жұбайы жарақат алды, ол қазір ауыр жағдайда ауруханада жатыр. Саррафтың әйелі мен клубта болған тағы бір иордандық жұп та зардап шекті», – деп жазады аталған басылым.