Нұр-Сұлтан
Қазір
-13
Ертең
-3
USD
492
-0.51
EUR
530
+0.59
RUB
5.05
+0.02

“Үсік жүреді!”. Еліміздің жеті облысында дабылды ескерту жарияланды

Қостанай облысында 30-мамырда кей жерлерде күн күркірейді, дауыл соғып, бұршақ түсуі ықтимал, желдің екпіні 15-20 м/с. Түнде кей жерлерде температура екі градусқа дейін төмендеп, үсік жүреді. Дауылдың ықтималдығы 90-95%.

Жамбыл облысында желдің екпіні кей жерлерде 15-20 м/с, ұйытқуы 23-28 м/с, оңтүстік-батыста 30 м/с асады. Күндіз кей жерлерде күн күркіреп, дауыл соғады, бұршақ жаууы ықимал. Таразда жел соғады 15-20 м/с, ұйытқуы 23-28 м/с.

30 мамырда Қарағанды облысында желдің екпіні 15-20 м/с, ұйытқуы 23-28 м/с, кейде 30 м/с жетеді. Кей жерлерде күн күркірейді, дауыл соғып, бұршақ жаууы ықтимал.

Қызылорда облысында 30-мамырда желдің екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с, ұйытқуы 30 м/с жетеді. Кей жерлерде дауыл, құйын соғуы мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысында 30-мамырда түнде желдің екпіні кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с, ұйытқуы 30 м/с жетеді. Кей жерлерде күн күркірейді, дауыл соғып, бұршақ жаууы ықтимал. Өскеменде желдің екпіні 17-22 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысында 30-мамырда түнде жел, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с, кей жерлерде ұйытқуы 23-28 м/с. Түнде кей жерлерде жауын-шашын түседі, күндіз кей жерлерде жаңбыр жауады. Кей жерлерде күн күркіреп, дауыл соғып, бұршақ түсуі мүмкін. Түнде кей жерлерде үш градус үсік жүреді. Петропавлда  30 мамырда солтүстік желдің екпіні 15-20 м/с, ұйытқуы 25 м\с. Түнде үш градус үсік жүреді.

Ақмола облысында 30-мамырда жел, түнде кей жерлерде екпіні 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с, ұйытқуы 23-28 м/с. Кей жерлерде нөсер жауып, күн күркірейді, бұршақ түсуі мүмкін. Астанада  30 мамырда желдің екпіні 15-20 м/с,  ұйытқуы 23 м/с. Таңертең және күндіз күн күркірейді, бұршақ түсуі мүмкін.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз