2025 жылдың 8 мамыр күні Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар аясында Қаратал ауданы, Үштөбе қаласында өңірдің дін бірлестіктер жетекшілерінің КЛУБЫ қызметі аясында «Жүректен шыққан естелік» атты патриоттық іс-шара өтті.
КЛУБ мүшелері батырларға арналған мемориалға гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздікпен ерлікке тағзым етті, сондай-ақ, бейбіт өмір мен азаттық үшін алғыс білдірді. Салтанатты рәсімнен кейін Қаратал аудандық тарихи-өлкетану музейіне экскурсия ұйымдастырылды. Аталған шараға 30 КЛУБ мүшесі қатысты.