Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
17
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Ұшақта лаң шығарған чех азаматы үш бап бойынша жауапқа тартылды

Ер адам ішіп алған, масаң күйде өзін дөрекі ұстаған, бортсеріктердің ескертуіне құлақ аспай, жолаушылардың тыныштығын бұзған, осылайша, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.

Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес, құқық бұзушының жеңіл дәрежедегі масаң күйде болғаны анықталды. Құқық бұзушыға қатысты қоғамдық орындарға масаң күйде келу, әуе кемелерінде мінез-құлық ережелерін бұзу бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды және 5 АЕК (12025 теңге), 3 АЕК (7215 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Сондай-ақ, оның үстінен ұсақ құқық бұзушылық жөнінде әкімшілік хаттама толтырылып, Астана қаласының мамандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз