Қазақстанда көрігі қызып тұрған медициналық нарықтың бірі – қыздық салдыру. Ғылыми тілмен ол гименопластика деп аталады. Осыдан ақша тауып жүрген дәрігерлер мамыр айын асыға күтеді екен. Себебі қыздық салдыру той басталатын кез – мамырдан бастап қараша айына дейін жалғасады.
Иә, қыздар қыздық салдыруға той алдында жүгіреді екен. Қыздық пердесін тігіп беріп жүрген дәрігерлердің айтуынша, өз қызметіне жүгінетіндер көбіне Шымкент, Тараз, жалпы оңтүстіктің арулары болып келеді деп жазды Esil.media.
Мұндай ота 18 жастан бастап жасауға рұқсат. Бағасы 50-80 мың теңге аралығын қамтиды. Ал қыздық салдыруға тырысатын қыздардың жасы 18 бен 25 жас аралығындағылар екен.
https://kaz.365info.kz/astanalykh-trans-zhezokshe-sagaty-80-myn-tyrady-foto-video-18-314048
https://kaz.365info.kz/bersen-boldy-vatsapta-500-tengege-sheshinetin-khazakh-khyzdary-bar-18-299726
Қыздықты қайта-қайта салдыртуға болады екен. Бірақ әр кез сайын жара орнының жазылуы қиындай түседі.
Атын атамауды сұраған дәрігер өз тәжірбиесінде бір қыздың үш рет қыздық жасатқанын айтады.
https://kaz.365info.kz/osy-dyrys-pa-ozi-ajel-bakhytyna-shakhyrylgan-zhezokshe-ajtpagandy-ajtty-video-272811
– Бір-ақ рет сондай жағдай болды. Көбіне бір рет келген соң қыздар маған қайтып келмейді. Өйткені күйеуге тиіп, бала-шағалы болады. Мысалы,
2017 жылы қыздық салдыру бойынша 70 мың ота жасалды. Ал бұл дегеніңіз Қазақстандағы қыздардың әрбір бесіншісі бұл қызметке жүгінеді деген сөз,
– дейді 22 жылдық тәжірибесі бар дәрігер.
https://kaz.365info.kz/pak-bolmaganym-yshin-khorlykh-korip-kelemin-261200