Дүниежүзілік көшпелілер ойындарындағы ат жарысында Қазақстан президенті кубогын жеңіп алған қырғыз жігіті Жениш Батырқұлов оқ бойы озық келді.
Ал Жениш Батырқұловтың өзі бұған дейін түрлі жарыстардан 94 көлік ұтып алғанын айтып, мақтаныпты. Бұл туралы Sputnik.kg хабарлады.
Сейсенбі күні Ақ Құла атты тұлпарды тізгіндеген Жениш Батырқұлов 80 шақырым қашықтықтағы аламан бәйгеде оқ бойы озық шықты.
«Осыған дейін мен түрлі жарыстардан 94 көлік ұтып алдым және Қазақстан Президенті Кубогын жеңіп алдым. Бұл ойындарға айдан астам уақыт дайындалдым және күткен үмітім ақталды», – деді Батырқұлов.
І-орын үшін ол 400 мың сом алады. Чолпон Ата қаласында 62 ел спортшыларының қатысуымен 3-8 қыркүйек аралығында ІІ Дүниежүзілік көшпелілер ойындары өтіп жатыр. Бұл ойынның бағдарламасына 26 ұлттық спорт түрлері енеді.