Туған-туысын соңғы сапарға лайықты шығарып салуды өзінің ең үлкен міндеті санайтын халықтың баласымыз ғой. Оның үстіне, «Өлі разы болмай, тірі байымайды» деген атадан қалған қағида тағы бар.
Алайда соңғы кезде осы қасиетімізді ақша табуды көздегендер теріс пайдаланып жүрген сыңайлы. Оны Abai.kz ақпараттық порталында жарық көрген ағайынның жанайқайы айқын дәлелдейді.
https://kaz.365info.kz/olikti-zherleudin-alemdegi-en-sorakhy-10-dastyri-278713
Баланы Өжеттегі зиратқа жерлеу үшін рұқсат алуға бардық. Зираттың админстраторы (шырақшы деуге келмейді):
– жер бар, 55 мың теңге төлеп аласыңдар, – деді.
55 мыңда естігенде шар еттім:
– Бұларың адамды тонау ғой. Мұндай ақшасы жоқ кедей өлсе, көмусіз қала ма? Не деген сұмдық, – дедім.
– Алсаң ал, алмасаң қой. Кеңсайға барсаң, мұнан бес есе көп төлейсің, – деді.
– Мұншама ақшаны не үшін беруіміз керек, – деп едім, алдыма прайс-листті тастай салды. Оны көргенде, тіпті, ызаландым.
Адамдардың өлімінен ақша жасауды кəсіпке айналдырған екен. Солай деп едім,
– менің қатысым жоқ, керек болса басшыларға бар. Орталық зираттың кассасына осы ақшаны төлеп келген соң, жерді көрсетемін, – деп тайып тұрды.
https://kaz.365info.kz/dyrys-pa-dini-baskharma-ozine-khol-salgandardy-bolek-zherleu-turaly-ajtty-300517
Ол кассасы дүйсенбі ғана істейді екен. Күн болса жұма. Мəйітті үш күн қойып қоймайсың ғой. Сосын, əлгінің үстінен қарайтын басшыға хабарласып едік, біраз күттіріп келді.
Келді де «жер міне, кассаға 70 мың төлеңдер де алыңдар” деп, миығынан күлді. Тілімді тістеп мен тұрдым.
Бөлем кассаның дүйсенбі ғана істейітін айтып, жалынып-жалпайып жүріп, 70 мыңды əлгінің қолына берді.
– Жер қазатын бір-ақ адамымыз бар, қазір жер 1 метр тоң, ол көмекшімен келеді. Көмекшіге 10 мың жеке төлейсіңдер, – деп, жерді көрсетіп кетіп қалды.
Бұл сағат түскі 1-дің кезі еді.
Кешкі 4-5-тер шамасында көр қазушылардың жағдайын білуге барсақ, екі мас орыс қазатын жерді сызып қойып отыр екен.
Содан ағайын-туыс, дос-жарандар жабылып түнімен тоңды ойып көр қазды.
Енді сұрақ. Көр сатушыларды кім бақылайды. Адамдардың қайғысынан ақша жасап жүрген арамзаларды кім тоқтатады?
Олар прайс-листте көрсетілген қызметтің бірін де жасаған жоқ. Бірақ, 70 мың теңгені сыпырып алды.
Бұл алаяқтық емес пе? Бұл қылмыс емес пе?!», – дейді ашынған ағайын.
Фото: nur.kz