Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Ғылымның көшбасшылары марапатталды

Форум барысында әлемдегі ғылыми үрдістер, ғылыми ынтымақтастық пен инновациялық жаңалықтар кеңінен сөз болды. Өз кезегінде Виджи Кришнан ханым  халықаралық ғылыми кеңістіктегі Қазақстан ғылымының дамуына қатысты өз талдауын жария етті.

03a

Форумға қатысушылар Thomson Reuters компаниясымен стратегиялық ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударды. Атап айтсақ, спикерлер «Thomson Reuters» компаниясының Қазақстан ғылымының дамуына қосқан үлесі: нәтижесі мен келешегі», «Қазақстан ғылымы әлеуетінің өсуі жолдары» тақырыптарын кеңінен талқыланды.

Форум аясында «Ғылым көшбасшысы – 2016» халықаралық тәуелсіз сыйлығының иегерлері анықталып, марапатталды. Отандық ғалымдардың Web of Science (Thomson Reuters) ақпараттық ресурсында жарияланған  ғылыми еңбектері үш аталым бойынша жіктіленіп, бағаланды.

Бірінші аталымда 2011-2015 жылдар аралығында жоғары сілтемелік көрсеткішке ие болған ғылыми ұйымдар марапатталды. Осы кезеңде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің, Назарбаев Университетінің, В.Г.Фесенков атындағы Астрофизика институтының және ҚР Ұлттық биотехнология орталығының ғылыми мақалалары жоғары сілтемеге  ие болып, үздік деп танылды.

Ал физика саласындағы жоғары импакт-факторлық көрсеткіше ие Ә.Б.Бектұров атындағы Химия ғылымдары институтының қызметкерлері ие болды. Олар – Светлана Визер, Елена Сычева, Қазбек Ержанов, Нұржан Құрманқұлов. Сондай-ақ, Қызылорда мемлекеттік университетінің ғалымдары Рахат Құрманбаев, Темірболат Кеншінбай, және Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтының ғалымы Дмитрий Воякин де марапатқа ие болды.  Әлеуметтік ғылымдар саласында  География институтының ғалымы Игорь Северский мен Назарбаев Университетінің қызметкері Марина Кішкентаева, Әділ Әшірбеков, Зәкір Жұмақұлов та бар.

Ал «2008-2015 жылдары ғылыми еңбектері жоғары сілтемеге ие болған Қазақстанның жас ғалымдары» аталымы бойынша Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің ғалымдары Мерлан Досболаев, Болат Оралбеков, Сүлеймен Демирел атындағы университеттің ізденушісі Мария Немченко марапатталды. Бұдан басқа биология ғылымдары бойынша Илья Коротецкий топ жарса, аграрлық ғылымдар саласында Қайсар Табынов, әлеуметтік ғылымдар саласында Тимур Нарбаев, техникалық ғылымдары бойынша Максим Здоровец, медицина саласында М.Оспанов атындағы БҚММУ-дің жас ғалымы Олжас Оразаев үздік деп танылды.

Нұрлан ЖҰМАҚАНОВ,

«ҰҒТАО» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі  

05a

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз