Нұр-Сұлтан
Қазір
-7
Ертең
-12
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

Ұлттық сараптама орталығы қызметкерлерінің 90%-ы коронавирус жұқтырған

258
Иллюстрациялық сурет: Fotolia / angellodeco

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы Ұлттық сараптама орталығы қызметкерлерінің арасында коронавирустың тарағанын айтты.

«Өткізілген 29 620 ПТР-тестінің бүгінде 20 238 мыңының  нәтижесі алынды, —

деген  басқарма басшысының орынбасары Гүлнафис Танбаевтың сөзін өңірлік коммуникациялар қызметі келтіреді. —

Зертханалар  алынған барлық үлгілерді өңдеуге үлгермей жатқанын түсіндіргім келеді. Мамандар тәулік бойы жұмыс істеуде.

Ұлттық сараптама орталығының қызметкерлердің 90%-ы коронавирус инфекциясын жұқтырып,  қазір олар қажетті ем алуда. Барлығының отбасылары, қарт ата-аналары мен туыстары бар. Сондықтан халықтың түсіністік танытуын өтінемін»

Өңірлік коммуникация қызметінің мәліметтері бойынша, бүгінгі таңда ПТР-тестілерді өңдеумен Invivo медициналық зертханасы айналысады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз