Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
8
USD
449
+0.25
EUR
477
-1.21
RUB
4.77
-0.02

Ұлттық банк теңге банкноттарында коронавирустың қаншалықты ұзақ сақталатынын айтты

Дереккөзі — vlast.kz

 

Банкноттардағы COVID-19-дің «өмір сүру мерзіміне» қатысты бірнеше болжам бар , —

деген Қажымұратовтың сөзін Ұлттық банктің баспасөз қызметі  келтірді. —

Бір мәліметтерге сәйкес, бөлме температурасында вирус қағаздың бетінде 28 күнге дейін, басқаларында – 24 сағатқа дейін өмір сүреді. Еуропалық орталық банктің мәліметінше, банкноттардағы COVID-19 іздері бірнеше сағаттан кейін жоғалып кетеді. Біздің ойымызша, вирустың банкноттардағы «өміршеңдік» мәселесі  қосымша зерттеулерді қажет етеді.

Ұлттық банк әдетте, банкноттарды қайта айналымға шығармас бұрын, ақшаны банктік қаптамада кемінде 14 күн сақтайды. Осыдан кейін ғана біздің мамандар ақшаны сұрыптауға және есептеуге кіріседі. Вирустың банкноттардағы «өмір сүру» ұзақтығына қатысты түрлі нұсқаны ескеріп, алдын алу мақсатында қолма-қол ақша қайта есептеуге дейін ашылмай 45 күн сақталады.

Сондықтан Ұлттық Банктен айналымға түсетін банкноттардың бетінде COVID-19 болу ықтималдығы шамалы

Біздің ұсыныстарымызға сәйкес екінші деңгейдегі банктер, «Қазпошта» АҚ және инкассаторлық ұйымдар банкоматтар мен кассалық техниканы өңдеп отырады. Өз тарапымыздан, ДДҰ және Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің ресми ұсынымдарының, сондай-ақ бұрыннан бері келе жатқан ақылға қонымды кеңестерді басшылыққа алуға, гигиена ережелерін сақтап, жеке қорғаныс құралдарын пайдалануға және т. б. кеңес береміз».

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз