Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
13
USD
423
-1.75
EUR
499
-5.37
RUB
5.64
-0.04

Ұлттық банк теңге бағамына қатысты мәлімдеме жасады

Реттеушінің мәліметінше, соңғы уақытта байқалып отырған теңгенің айырбас бағамының болмашы ғана құбылуына, ең алдымен, демалыстар маусымына байланысты шетелдік валютаға сұраныстың артуы себеп болып отыр. Сонымен қатар АҚШ Федералды резервті жүйесінің мөлшерлемені арттыруы да әсер еткен,  соның салдарынан әлемдік нарықта АҚШ доллары нығайып, дамушы нарықтардан капиталдардың аздап жылыстағаны байқалған.

“Теңгенің айырбас бағамына әлемдік мұнай нарығы оң ықпал етіп жатқаны байқалуда. Мұнай бағасы орташа алғанда барреліне 70 АҚШ доллары шамасында қалыптасып отыр. Осы себепті елдің төлем балансы жақсара түсуде”, — деп жазылған мәлімдемеде.

Реттеушінің мәліметінше, жылдық инфляция мақсатты дәлізде одан әрі төмендеп жатыр. Мамырда оның деңгейі 6,2% пайызды құрады.

Сонымен қатар, жыл басынан бері азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар, сондай-ақ халыққа көрсетілетін қызметтер бойынша инфляцияның қарқыны төмендеген.

Ұлттық банк жалған ақпараттың авторлары мен таратушыларды анықтау үшін құқық қорғау органдарынан көмек сұрады.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз