Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
1
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Үлкен Алматы көлінде мәнерлеп сырғанаған қыздың видеосын 1 миллион адам тамашалаған

122

Қыз осындай шешімге келгенде, видеосын тамашалағандар саны 1,2 миллион адамға жетіпті. Жұрттың басым көпшілігі арудың биі мен көлдің табиғатына сүйсінсе де, Ксенияны жерден алып, жерге салғандар да табылды. Тіпті тәртіп бұзып, танымал болғысы келді деп айыптаудан тайынбады.

Ал Ксения мұндай пікірді мүлдем жоққа шығарады. Оның айтуынша, 24 қараша күні құрбыларымен Үлкен Алматы көліне барып, мұз үстінде қыдырып жүрген адамдарды көреді, кейбірі коньки теуіп жүріпті.

Көл маңында да Ксения мен құрбыларын ешкім тоқтатпаған. Демалушылардың бірі көлде мұз қатқан кезде, сырғанауға рұқсат етілетінін айтыпты. Сондықтан бұл мүмкіндікті пайдаланып әрі видеоға түсірмек болған екен.

“Жұрттың неге сонша дүрлігіп, видеоның қалай тез тарап кеткенін түсінбеймін”, – деп жазды Ксения парақшасында.

Көлдің суы қаланы сумен қамту жүйесіне пайдаланылатынын жазғандарға да бойжеткен өз парақшасында жауап берді.

“Бірнеше жыл бұрын көлге жақындауға тыйым салынған, бұрын тіпті адамдар суға түсетін, соған қарамастан бәрі сол суды ішті, оның тазартылатынын жұрт түсінетін”, – дейді қыз.

Роликті көргендердің көпшілігі осы сөзге қосылды.

“Күлкілі тіпті. Біздің Атырау тұрғындары Оралдың суын ішеді. Өзен қатқан кезде, балалар коньки теуіп ойнайды, адамдар көпірге шыққысы келмесе, мұз үстімен жүре салады. Балықшылар балық аулайды. “Біз бұл суды ішеміз емеспе!” деп шу көтеру ешкімнің басына келмепті”, – деп жазады Instagram қолданушысы Айнұр Оразалиева.

“Осы роликпен қанша туристің назарын аударды, сол үшін алғыс хат беріп, сыйақы төлеу керек”, – дейді қолданушы Мұрат Сәкенов.

Ксения Панкратованың өзі де бұл видеоны Желіге Қазақстан табиғатының әсемдігін көрсетіп, қоғамның назарын қоршаған ортаны аялауға аудару үшін жариялағанын айтады.

Адамдардың тауға қоқыс қалдырып, от жақпауын қадағалау керек! Қоршаған ортаға тиетін зиян сол, деп жазды Ксения парақшасында.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз