ҰҚК Шекара қызметі Академиясының жүргізушісі 10 тапанша ұрлады деген күдікке ілінді, – деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz.
“ҰҚК Шекара қызметі Академиясынан он тапаншаның ұрлануы дерегі бойынша қылмыстық істі тергеу барысында жедел-тергеу тобы осы оқу мекемесінің жүргізушісін ұстады, ол осы қылмысты жасаған”, – деп хабарлады ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев. Күдіктінің үйін тексеру кезінде ұрланған 10 тапанша табылып, тәркіленген.