Нұр-Сұлтан
Қазір
-11
Ертең
-1
USD
488
0.00
EUR
533
0.00
RUB
5.09
0.00

«Үйленгім келеді. Бірақ…». Амалсыз жезөкшелерге барамын

454

Иә, бірақ дейтінім – жаны жаралы жан. Жасы отыздан асқанда әрең дегенде үйленіп еді. Өкінішке қарай онысы дұрыс болмады. Алған қызы ауру болып шықты. Басында су бар деген диагноз қойылған екен. Содан болар, әйелі үнемі төсек тартып үйде жатты. Ауырып жатса да, әйтеуір, дүниеге бір сәби әкеліп, Досымбекті қуантқаны бар. Дүниеге келген сәбиді Досымбек өзі бағып-қағып ер жеткізді. Қазір сол сәби жиырмадан асты. Бұралған, бой түзеген қыз болды. Жөн-ақ. Бірақ Досымбек әйелі үнемі ауырып жатқан соң ажырасып, үйіне апарып тастаған. Міне, содан бері жиырма жылға жуық уақыт қызы екеуі бірге тұрып келеді.

Жұмыстастары «Досеке үйленсеңші, жасың біразға келді. Ертең мына қызың күйеуге тиеді. Жалғыз қаласың», деп талай айтты. Бірақ ол: «бойым кішкентай, маған қай қыз қарасын», деп құтылады.

Кейде «жасым елуден асып кетті. Ұнатқан қыздарымның барлығы байдан ажырасқандар. Бір емес, бірнеше балалары бар. Біреудің баласын қайтіп асыраймын? Одан ша өстіп жалғызбасты болып жүре берген жақсы», деп күрсініп қояды. «Сонда да, ертең қаусаған шал боласың. Қызыңның өз отбасы, балалары болады. Саған қарап отыра қоюы екіталай. Жаман болса да, жаныңда кемпірің болса, бір-біріңе алданыш боласыңдар ғой», дейміз ғой біз. Ол үндемейтін.

Әрине, үнемі көшеден тамақ ішіп, дүкеннен азық-түлік тасып, үйде тамақ пісіру ер адамға оңай емес. Бұл да бір трагедия.
https://kaz.365info.kz/almatyda-bir-khazakh-zhezokshelermen-demalyp-750-myn-tenge-zhymsapty-269792

Кейде жан сырын ақтаратын. «Табиғи қажеттілік қой. Кейде әйел адамды құшақтап, дүниенің рахатын кешіп жатқым келеді. Ондай адам болмаған соң кейде ақшасын төлеп жезөкшелермен жатуға тура келеді. Жиырма жыл болды сөйтіп жүрмін», дейтін ол.

Бір байқағанымыз, былтырдан бері жасы қырықтан асқан бір әйелмен дос болып жүр. Бірнеше рет ұжымда болған тойға алып келіп, таныстырды. Жаман емес. Біртоға, сыпайы жан екен. Бірақ бұрынғы күйеуінен екі ұлы бар көрінеді. Досымбекті енді үйленетін шығар деп едік. Ол болмады. Бір жолы «үйленуіме қызым қарсы», деді. Екінші жолы «екі ұлы бар. Оларды асырап-жеткізу керек. Олар қандай азамат болып шығады. Бір Құдайға аян. Жастары жеткен соң, мені қартар үйіне өткізіп тастап, үйімді, көлігімді тартып ала ма кім білсін? Кішкентай болса да, бокспен айналысады екеуі де. Ертең мені сабап жүрмей ме? Бұрынғы күйеуі ішкіш көрінеді. Бір күні үйге келіп, қатынымды қайтар деп қоқан-лоққы сала ма? Қайдам, осыларды ойлап бір тоқтамға келе алмай жүрмін. Әйтпесе Дана (әйелдің аты) маған ұнайды. Осы Дана кездескенге дейін жар құшағы не екенін сезбеп едім. Соны сезіндім. Қызым жоқ кезде ұрланып үйге келіп, тамағымды пісіріп, кір-қоңымды жуып кетеді. Қолым жеңілдеп, әйел адамның керек екенін сезініп қаламын. Бірақ қызыма қалай түсіндіремін. Тіпті қызым түсінгенімен, ана екі ұлды қайда жіберемін? Шешеңе тастап кет, не болмаса мектеп-интернатқа өткізіп тастайық десем, Дана көнбейді. Сөйтіп екі оттың ортасында жүрмін», деген.

Иә, бұл жасы елу жетіге келген жігіт ағасының тағдыры.

«Уақыт тез. Ертең жасың алпысқа келеді. Ешкімге қажет болмай қаласың. Көзді жұм да үйлен», деп едім. Досымбек сол баяғы қалпы «ол маған ұнайды. Бірақ…», дейді.

Бірақ, бірақпен жүргенде өмір өтіп кететінін ол сезіне ме екен, жоқ па?

Білмедім.
https://kaz.365info.kz/ajeli-zhezokshe-259869

Бақдәулет Мәулентегі

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз