Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
3
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Үй сатып ала алмайтындарға баспана салына бастады – “Нұрлы жер”

1,5 миллиард теңгеден әрбір өңірге таратылып берілді. Ол әрбір облыста 180 пәтер салынады деген сөз. Барлығы 3 мың арендалық пәтер тұрғызылады. Бұл – жалға берілетін, бірақ сатылмайтын үйлер.

Кімге беріледі? Алдымен бірінші санаттағы мүгедектер мен жетімдерге беріледі. Сосын несие ала алмайтын, қаржысы жетпейтін азаматтарға беріледі. Ал ақшасы барлар несие алса болады», – деді ҚР Инвестициялар және даму министрлігі құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Марxабат Жайымбетов бүгін Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Комитет басшысының айтуынша, бір жылда 3 мың арендалық пәтер салынса, 15 жылда 40 мың арендалық баспананы пайдалануға беру жоспарланып отыр. Ол үйлердің орташа ауданы 50-60 шаршы метр болады.

«Биыл құрылыс жұмыстары басталуы тиіс. Себебі біз тиісті қаржыны бөліп бердік», – деп атап көрсетті Марxабат Жайымбетұлы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз