Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
16
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

ҰБТ тапсырмалары ұрланған ба? Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл іске араласатын болды

144

себебі министрлік пен Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ тестілеу сұрақтарын әлеуметтік желіде сатумен айналыспайды”, – делінген ҚР Білім және ғылым министрлігінің ресми жауабында.

ҚР БҒМ өкілдері заңға сәйкес мемлекеттік қаржыға өткізілетін ҰБТ және ТКТ тестілерінің дұрыс жауаптар кодтарын жария ету мемлекеттік құпияны жариялаумен тең екенін түсіндірді.

“Мемлекеттік құпиялар туралы” ҚР заңына сәйкес, Ұлттық тестілеу орталығының атынан ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетіне хат жіберіледі.

Сол себепті заңбұзушылықтар жайлы немесе алаяқтық мәселесі туралы қызметтік тексерістен кейін ғана шара қолдануға болады”, – деді ҚР БҒМ өкілдері.

Министрлік барлық талапкерге ҰБТ-ға дайындалу үшін тек ресми дереккөздерді не олардың филиалдарынан пайдалануға кеңес береді. Ұлттық тестілеу орталығы және оның филиалдары сынама тестілеулерді қағаз форматында өткізеді.

Олардың адресін мына жерден көруге болады. Сонымен қатар, онлайн-тестілеуден де өтуге болады. Сондай-ақ “Егемен Қазақстан” газетінде апта сайын кітапша болып тест тапсырмалары жарияланады.

Айта кетелік, кешелі бері әлеуметтік желіде ҰБТ кезінде жақсы балл алуға көмек береді деген қосымша сатылып жатқандығы туралы мәлімет тараған.

Facebook желісінде алматылық Дидар Марданов:

“Білім және ғылым министрлігіндегілер әлеуметтік желіде ұлттық бірыңғай тестілеу бағдарламасын айналып өтіп, жақсы ұпай жинауға көмектесетін қосымшаның таралып жатқаны туралы біле ме екен? Алаяқтықтың иісі шығып тұр. Зерттеуге және қандай да бір шара қолдануға кеңес беремін”, – деп жазды.

Оған қоса ол скриншоттар жариялады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз