Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
11
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Яссауидің жанында…”. Абылай ханның жерленген жері жайында сенсациялық дерек анықталды

786

Қайсысы дұрыс? Абылай жоңғар тұт­қынында болған сұлтандардың арасында ойрат тілін үйреніп алғанын білеміз.

 

 Егемендік алған соң, Абылай хан қабірінің орнын анықтау мақсатындағы алғаш рет арнайы ғылыми ізденістер жүр­гізу мүмкіндігіне ие болдық.

Бірнеше жыл ішінде біз археоло­гиялық, тарихи-антропологиялық ізденістер жүргізе отырып, Абылай хан жерленген орынды нақты анықтап, сол жерден шыққан қаңқаны тарихи тұлғамен сәйкестендіру жұмыстарын жүргіздік. 1999 жылы Оразақ Смағұлұлы, А.Оразаққызы үшеуміздің авторлығымызбен «Абылай хан» (тарихи антропологиялық зерттеу) атты кітабымыз шықан болатын.

Абылай ханға қатысты тарихи-антропологиялық зерттеуді аяқтап, оның нәтижелерін 1999 жылғы монографияда жария еткенімізге қарамастан, біз соңғы уақытқа дейін осы ғылыми мәселеге байланысты жаңа, бұрын-соңды пайда­ланбаған зерттеушілердің мәліметтерін жинап, оларды талдау жұмыстарын жалғас­тырып келдік.

Біз сенімді мәліметтер қатарына ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басында Қожа Ахмет Яссауи ханакасында болған саяхатшылар, зерттеушілердің жазбаша қалдырған хабарларын жатқы­замыз.

Осының нәтижесінде,

Абылай хан жерленген орын жөнінде жаңа мәліметтер анықталды.

Олардың арасында, өте ертеде жазылған деректердің бірі – 1866 жылы Түркістанда болған және Қожа Ахмет Яссауи ханака­сын сипаттап кеткен А.Гейнстің кітабы.

Темные коридоры…

А.Гейнстің жазуынша:

«Мечеть Азрета заключает в себе еще длинные, темные коридоры, в которых похоронены очень большие люди. Так,

тут нам показали могилу, сделанную, кажется, из мрамора, Аблая, хана Средней орды.

… Г-й сказал, что он хорошо знаком со внуком Аблая, Велихановым, и просил муллу от имени последнего помолиться о даровании Аблаю счастья на том свете. Муллы согласились, стали на колени, бормотали что-то, к счастью, недолго и кланялись в землю, что в темноте, при белых тюрбанах мулл, было, впрочем, очень красиво. Недалеко от Абылая похоронена другая историческая личность, хан Большой Орды Юль-Барс».

Осы айтылған хабардан, біріншіден, кесене шырақшылары Абылай ханның қабірінің орнын жақсы білгені байқалады, екіншіден, оның ханака ішінде орналасқан жері Сүйініш хан құлпытасы тұрған «Аблайхана» дәлізіне сай келетінін байқауға болады.

1873 жылы Түркістан қаласында болып Қожа Ахмет Яссауи ханакасын сипаттап кеткен АҚШ-тың Ресей империясындағы консулы Ю.Скайлердің мәліметтері де назар аударарлық. Turkistan. Notes of journey in Russian Turkistan, Khokand, Bukhara and Kuldja атты кітабында «атақты Абылай хан» қабірі де аталып өтеді:

On the right and left are rooms filled with tombs of various Kirghis Sultans of the Middle and Lesser Hordes, among them the celebrated Ablai Khan.

Бұл мәлімет Лондонда 1880 жылы басылған Henry H.Howorth. History of the Mongols атты кітабының 2-бөлігінде қайталанады.

Бұл мәліметте де хан моласы Қожа Ахмет Яссауи кесенесі ішінде жатқаны айтылады.

Осы моңғолдар тарихына арналған кітапта орта ғасыр мен жаңа замандағы қазақ хандары, Әбілқайыр мен Абылай туралы сол кездегі шығыстану саласында жинақталған мәліметтердің барлығы дерлік пайдаланылған. Бұдан басқа да мәліметтер жетерлік.

Өкінішке орай…

Тарихи жәдігерлерді күту ойдағыдай емес. Қазақстан бойынша бірнеше байырғы қала орындарына қақпалар салынып тасталды. Түркістанның өзінде бірнеше супер жаңа қақпа пайда болды.

Қазіргі заманда салынған қақпа кімге керек?

Отырардың аман жеткен ескі қақпасының бөліктерінің үстіне көптон­налық құрылыс тұрғызылуы байырғы өзінің төл бөлігінің сақталуына кері әсер етуі сөзсіз. Уақытында ЮНЕСКО/Жапон жобасы бойынша шетелдік мамандар ара­ласуымен консервация жасалған Отырар моншасы әлемдік талаптарға сай болатын.

Біздің кейбір реставратор мамандар монша үстіне ұсқынсыз темір тіреулерге сүйенген алып жабу жасады.

Тіреулер қою үшін байырғы моншаның элементтері бұзылды. Осындай қажетсіз жобаларға миллиондаған қаражатты босқа шашу керек пе?

Туристерді қашыратын «реставрация» кімге керек?

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз