Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Ямалда апатқа ұшыраған тікұшақ ұшқышы Қазақстанға келуге асығып жүріпті

Айта кетейік, Ресейдің Краснояр аймағынан Ямал-Ненецк автономды округіне қарай ұшып бара жатқан «Скол» әуе компаниясының МИ-8 тікұшағы Ямал маңындағы Уренгой ауылында апатқа ұшырады. Тікұшақта ұшқыштар мен жолаушыларды қоса алғанда барлығы 22 адам болған. Олардың тек 3-уі ғана аман қалды. Мерт болғандардың арасында Қазақстанның Ақмола облысына қарасты Аршалы ауданының тумасы Виталий Провальный да бар еді.

47 жасар ұшқыштың соңында әйелі мен екі қызы қалды.

Еленаның сөзінше, Виталийдің ата-аналары Қазақстанда тұрады.

«Әрине, өте қиын. Ол өте ашық-жарқын мінезді жақсы адам еді. Қазір ондай азаматтар сирек қой. Ол мектепте де бәріне үлгі болып жүретін. Біз де оны осы қасиеті үшін мақтан тұтатынбыз. Жақында бірге оқыған кластастар Германияда жолығып, мектеп бітіргеніміздің 30 жылдығын атап өттік.

Бұл жерде біздің класта оқығандардың тең жартысы бар. Ол бізді Skype арқылы құттықтап, кездескенімізге қуанып, мектептегі кездерді еске алып, әбден арқа-жарқа болып едік. Ол қазан айының соңында Қазақстанға келіп, осында қалған кластастардың басын қоспақшы еді. Алайда…» деп жазды Германиядан оның кластасы Елена Вич.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз