Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
15
USD
482
0.00
EUR
532
0.00
RUB
5.07
0.00

WBC боксты Олимпиада бағдарламасында қалдыруға өтініш білдірді

123

Бұл туралы ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Бокс 1904 жылдан бері Олимпиада бағдарламасына енген, төртжылдық додасының негізін қалаушы спорт түрлерінің бірі. Бокс әлемі ХОК пен АІВА арасындағы қарым-қатынас дұрысталып, бокстың Олимпиада бағдарламасынан шығып қалу қаупі жойылады деген үмітте. Әуесқой бокс жас спортшылардың үлкен спорттағы баспалдағы. Олимпиада ел атын асқақтатуды әрбір боксшы армандайды», – делінген WBC мәлімдемесінде.

Естеріңізге сала кетейік, қараша айының басында өткен конгресте АІВА президенті болып өзбекстандық Гафур Рахимов сайланды.

АҚШ қаржы министрлігі Рахимовты санкция тізіміне қосқан соң, ХОК бокстың олимпиадалық статусына қауіп төнетінін ескерткен болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз