Мұндай мәлімет бүгін депутаттардың ашуын туғызды.
Себебі ата-аналар осы кезде ұл-қыздарын мектепке дейінгі мекемеге орналастыра алмай қиналып жүр деп хабарлады КТК телеарнасы.
Наталья Жұмаділдаева, Мәжіліс депутаты:
-Еліміздің барлық балабақшасында 814 мың орын бар. Бірақ, құжатта соның 807 мыңы бос емес деп көрсетілген. Сонда қалған 7 мың орын неге берілмейді? Қағазда қателік кеткен бе? Әлде бұған басқа себеп бар ма?
Ал мәселені шешу үшін алдағы екі жылда 2 мыңға жуық балабақша салынбақшы.
Бірақ, тапшылық жойылғанымен, тәрбиешілер аз. Сондықтан министрлік олардың жалақысын өсіруді де сұрап отыр. Өйткені, жалақысы мардымсыз болғандықтан бұл жұмысқа көбі барғысы келмейді.