Венгрия Үкіметі Қазақстан азаматтарына 2019-2020 оқу жылына арналған «Stipendium Hungaricum» стипендиялық бағдарламасына қатысуға мүмкіндік береді.
Осы бағдарлама аясында Венгриянын тарапынан Қазақстан азаматтарына келесі бағдарламаларға 250 грант бөлінген:
бакалавриат бағдарламасы бойынша 110 орын (өнер, гуманитарлық, ауыл шаруашылығы, техникалық ғылымдар)
магистратура бағдарламасы бойынша 90 орын (техникалық ғылымдар, ауыл шаруашылығы, өнер)
бакалавриат және магистратураның бірлескен бағдарламасы бойынша 5-тен 6 жылға дейін оқу мерзімімен 30 орын (жалпы медицина, фармацевтика, стоматология, архитектура, заң, ветеринарлық хирургия, ауылшаруашылық саласындағы инженерия, сәулет саласындағы инженер)
докторлық бағдарлама бойынша 20 орын (барлық бағытта)
Грант келесі шығындарды қамтиды: тегін оқу; бакалавриат пен магистратура бойынша ай сайынғы стипендия – 130 евро, докторантура – 450-580 евро; жатақханада тұру (немесе айына 130 евро мөлшерінде жалға берілетін тұрғын үйді төлеу); медициналық сақтандыру.