Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
11
USD
449
+0.67
EUR
479
+1.25
RUB
4.79
0.00

“Ват-сап өтірік айтпапты …”. Қазкомды “жұтып алған” Халық банктің қызметі нашарлап, ел ашулы (видео)

Айта кетелік, бір ай бұрын Ват-сап арқылы еліміздегі екі банктің қосылуына байланысты келеңсіздік туындауы мүмкін екенін, сондықтан Халық банк шотында ақшасы барлар ақшасын алып алуына кеңес берген ақпарат тараған. Алайда бұл мәліметті банк жоққа шығарып, елді сабырға шақырып еді. Енді көріп отырғанымыздай, мұндай проблема жоқ емес, керісінше көп боп шықты.

Мәселен, 20 мыңға жуық тұрғыны бар «Асыл Арман» кешенінің халқы екі банктің қосылуынан осылай зардап шегіп отыр екен. Халық аренда үшін төлеген ақшамыз да қазір бұрынғыдай күнбе-күн түспейді дейді.

Ал әлеуметтік желіде жұрт сауалымызға жауап алу үшін «Халық банктің» CаII орталығына сағаттап хабарласа алмаймыз деп шағымданып жатыр. «Қазкомның» есеп айырысу кассаларында да наразы адам қарасы көбейген. Ел мұнда қызмет көрсету сапасы түсіп кетті, қандай да бір банктік операцияны жүзеге асыру үшін сағаттап тосуға мәжбүрміз дейді.

https://kaz.365info.kz/ylttykh-bank-kyshejip-bankterge-khyrgidaj-tiip-zhatyr-shayahmetova-316265

ОЛЬГА КЛИЕНКИНА, Алматы қаласының тұрғыны:

– Мен депозиттегі ақшамды шеше алмай жатырмын. Екі сағат болды осында отырғаныма.

Банк қызметкерлері банк бағдарламасы істемей тұр деп, қайта-қайта күттіріп қояды. Ал бұрын депозитке ақша салу да, шешу де бес минут уақытымды алатын.

Ал «Халық банк» басшылығы банктің жұмысында ешқандай қиындықтар туындаған жоқ деп ақталды. «Қазком» қосылғалы бері оларға 4 мыңнан астам банкомат тиесілі бопты. Оларда күніне бір мыңнан астам инкасация болады, сондық мыңдаған транзакциялар сәтті жүзеге асырып жатыр дейді. Ал «Асыл Арман» тұрғындарының уәжіне банк басшылығының жауабы мынадай.

https://kaz.365info.kz/dollar-tagy-khymbattajdy-zhana-sanktsiya-putinnin-zhanyn-shygaryp-zhatyr-310269

ДИНАРА АМАНБАЕВА, бөлшек бизнес департаментінің директоры:

– Аталған тұрғын үй кешенінің тұрғындары ақшаны төлем терминалдары арқылы жүзеге асырады. Иә, тарифтерде біраз айырмашылық бар екені рас, себебі тарифтер кішкене өзгерді. Бірақ қазір біз клиенттер үшін тиімді тариф қою жағын қарастырып жатырмыз.

Ал «Қазком» салымшылары үшін өз төлем карталарын қайта жасатудың қажеті жоқ. Сондай-ақ, несие, депозит пен шот бойынша келісім-шартты қайта рәсімдеудің де қажеттігі жоқ дейді «Халық банк».

«Халық банк» пен «Қазкоммерцбанктің» бірігуі бір жарым жылға созылды. «Халық банктің» Басқарма төрағасы Үміт Шаяхметова «Казкоммерцбанктің» акцияларын сатып алу туралы ұсынысты Кеңес Рақышев айтты деген еді. Ал бір жарым жылдың ішінде алдымен екі банк арасында келіссөздер жүргізілді, одан кейін қаржылық тексеру жұмыстары басталды. Одан соң, екі банктің қосылуы аясында ортақ технологиялық тұғырнама жасалды.

https://kaz.365info.kz/akhsh-barin-biledi-nazarbaev-pen-tramp-kezdesui-turaly-ekonomister-ne-dejdi-297935

Бұдан соң, «Казкоммерцбанктің» операция жасау лицензиясы тоқтатылып, банктің барлық мүлкі «Халық банктің» еншісіне берілді. 28 шілде күні ол мүліктерді қабылдап алу актісіне қол қойылды. Енді «Казкоммерцбанк» заңды тұлға ретінде жоқ. Оның орнында тек қана «Халық банк» қалды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз