Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
21
USD
421
-2.14
EUR
499
-0.30
RUB
5.6
-0.04

Василий Левит: «Спорт – сіз бен біздің денсаулығымыздың кепілі!»

В. Левит

Халықаралық Олимпиада күні аясында спортшылар интервактивті марафон өткізеді, деп хабарлайды Olympic.kz.

«Олимпиада балалық шақтан басталады» атты онлайн-марафоны 21 маусым күні таңғы сағат 10:00-де басталады. Биыл белгілі себептерге байланысты Олимпиада күніне арналған іс-шаралар онлайн режимінде өтеді.

«COVID-19 пандемиясындағы біздің басты міндетіміз – спорт сіз бен біздің денсаулығымыздың кепілі екенін түсіндіріп, балаларымыздың кемел болашағы үшін салауатты өмір салтын насихаттау. Баршаңызды осы бастамамызды қолдауға шақырамыз. Бірнеше сағат бойы сіздермен бірге тікелей эфирде боламыз. Спортшылар бұл мерекені, акцияны балалармен бірге атап өткісі келеді. Себебі, дәл осы балалық шақта олимпиада жеңісінің іргетасы қаланады. Біздің өмір жолымыз бен орындалған арманымыз, өз күшімізге деген сенім мен ақталған еңбегіміз кішкентай ұл-қыздар үшін үлгі болатыны анық. Біз де осылай балалық шақтан өз жолымызды бастадық, нәтижесінде бүгін олимпиада отбасының бір мүшесі болып отырмыз. Барлық қазақстандықты үлкен Олимпиада отбасына қосылуға шақырамын», — дейді бокстан Олимпиаданың күміс жүлдегері

«Қазіргі таңда әлем бойынша күн тәртібінде  спорт тұстастығы мәселесі басты орында тұр.Олимпиадалық және жоғары жетістіктер спортты бұқаралық спорттан, соның ішінде, балалар спортынан бөліп жаруға болмайтынын түсіну керек. Чемпион болу балалық шақтан басталады. Біз бүгін Олимпиадашыларымызбен бірге болашақ чемпиондарға көңіл бөлеміз», — деп мәлімдеді Қазақстан ҰОК бас хатшысы Андрей Крюков.

Интерактивті марафон кезінде спортшылар тікелей эфирде спорттық жаттығулар жасап, көрермендердің сұрақтарына жауап береді. Сонымен қатар, әртүрлі сауалнаманың жеңімпаздарын анықтайды. Онлайн-марафонның белсенді қатысушыларына бағалы сыйлықтар қарастырылған. Бұдан бөлек, марафон уақытында үздік мурал эскизі байқауныың қорытындысы шығады.

Айта кетерлігі, 1948 жылдан бастап Халықаралық Олимпиада комитеті 23 маусымда халықаралық Олимпиада күнін атап өтеді. Бұл күні 1894 жылы 23 маусымда ХОК-тың құрылған күніне орай таңдалған. Дәл осы күні Пьер де Кубертен Олимпиадалық қозғалысты жандандыру мақсатында Халықаралық атлетикалық конгресте тарихи баяндамасын жасаған. Қазақстан ҰОК спорт жанкүйерлерін әлемдік олимпиадалық қозғалысқа қосылуға және бұл күнді бізбен бірге 27-ші рет атап өтуге шақырады.

Олимпиада күніне арналған барлық іс-шаралар спорт тарихында тұңғыш рет онлайн форматта өтеді.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз