АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Никки Хейли жексенбі күні Қауіпсіздік кеңесінің Солтүстік Корея ядролық бағдарламасын тежейтін тетіктрі таусылды деп мәлімдеді. Хейлидің сөзіне қарағанда, АҚШ әкімшілігі мәселені шешу үшін Пентагонға өтініш жасауы мүмкін.
Вашингтон басқа да жолдарын қарастырып отыр дейді Хейли. Бірақ әскерге қатысты түрлі нұсқалар талқыланып жатыр.
Солтүстік Корея жақында тағы да баллистикалық зымыранын сынады. Ким Чен Ын Құрама Штаттардың күшіне тең ядролық қуатқа ие болғысы келетінін айтты.