Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
16
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Вагон аралап”. Қайрат Түнтеков өзі туралы кино түсіріп жатқанын айтты

322

Бұл туралы Stan.kz “Түнгі студия” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

“Төреғали болсын, Ерке болсын, комедия жанрында түсіріп жатыр. Ал мен түсірейін деп жатқан кино – өзімнің өмірбаяным болайын деп тұр. 1.5-2 сағаттық көркем фильм болады. Мүмкін өзімнің кіші кезіме ұқсайтын актер табармын”, – дейді Қайрат.

Түнтековтің аяқ астынан фильм туралы ойлануы бекер емес. Осыдан 10 шақты жыл бұрын “25 теңге” атты комедияға түскен Қайрат өмірінде ел қызығатындай оқиғалардың көп болғанына сенімді.

«Масқара болдым. Есімді жидым». Қайрат Түнтеков сахнаға қайтып келді (видео)

“Анам Көкшетаудікі деп айттым ғой. Қызылорда-Көкшетау деген пойыз болатын, сонымен 2 тәулік жүреміз.

Ол кезде жасым 4-те. Жазғы демалысқа барамыз. Анам, ағам, әпкем бар. Әкем қалып кететін.

Пойызда бара жатып, Ace of Base-тің танымал өлеңдерін 4 жасымда ешқандай акцентсіз орындайтынмын. Жаттап алғанмын, құлағыма жағады. Өзім жатқан вагонда кішігірім концерт беріп жіберемін”, – дейді Қайрат.

Тұрсын Алагөзов Баянды тастап кетіпті

Сондай күндердің бірінде Қайраттың талантына таңдай қаққан жолаушылардың бірі баланы қолынан жетектеп, вагон-вагонды аралап шыққан.

“Біздің вагонда біраз ақша жасадық. Әлгі кісі мені ертіп алып, бүкіл вагондарды аралап шықты. Ән айттым. Әр станцияға тоқтаған сайын тамбурға шығып, ән айтамын.

Адам болмаған еді. 2-3 ән кетті, бесінші ән кетіп жатыр. Бір қарасам, халық толып қалған. Кәдімгі милиция ағаларамыз жүр.  Әлгі кісі тақиясын ұстап алып, ақша жинап жүр ғой.

«Қарсы келіп жүр…». Ринат Зайытов ақиқатты айтты

Ол кезде санай алмаймын да ғой. Бірақ қалтам ақшаға толды. Барып, анама бере салдым. Шын ниетпен таптым деп қоямын. Ана кісіге кішігірім ұстаттық. Көкшетауға барып, той жасап жібердік.

Бара салғаннан, анамның қуанғаны сонша, базарға алып барды. Үстіме неше түрлі костюм, бәрін алып берді”, – деп еске алды Түнтеков.

Әнші автобиографиялық фильмнің халыққа ұнайтынына сенімді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз